Қырғызстанда ТМД елдері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы басталды

© Sputnik / Владислав ВодневТМ елдерінің тулары
ТМ елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Жазылу
Шағын құрамдағы отырыс жабық өтіп жатыр
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қырғызстан астанасы Бішкекте ТМД елдері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы басталды.
Оған Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев, Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары Шавкат Мирзиеев пен Сердар Бердімұхамедов қатысып жатыр.
Саммит барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық серіктестік, қауіпсіздік және экология мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ биылғы жылы ТМД аясындағы өзара іс-қимылдың қорытындысын шығарып, болашақтағы негізгі міндеттерді айқындайды, өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасады.
Шағын құрамдағы отырыс жабық өтіп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін президенттер өз делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда кездесуді бастайды.
Қырғызстан президентінің "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында ТМД саммиті өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0