https://sputnik.kz/20231013/qyrgyzstanda-otken-uqshu-nyn-myzgymas-bauyrlastyq-2023-oqu-zhattyguy-ayaqtaldy-39352698.html
Қырғызстанда өткен ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуы аяқталды
Қырғызстанда өткен ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуы аяқталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірлескен оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе... 13.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-13T21:48+0500
2023-10-13T21:48+0500
2023-10-13T21:48+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39167418_58:0:966:511_1920x0_80_0_0_7e42e0fb7bc51301bc557edcb7488ea9.jpg
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірлескен оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қатысты.Бірлескен оқу-жаттығу Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында өтті. Бұл ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің Орталық Азия өңірінде бейбітшілікті сақтау жөніндегі ұжымдық қауіпсіздік операциясын дайындау және оны өткізу кезінде ұлттық контингенттердің үйлесімділігін арттыруға бағытталған.Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қырғызстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов, Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Мирзо, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының, әскери-дипломатиялық корпустың және халықаралық өңірлік ұйымдардың өкілдері бақылады.Оқу-жаттығуда әскери контингенттерді белгіленген аудандарға әр түрлі тәсілмен жеткізудің, лектерді қалыптастырудың, автомобиль және броньды танк техникасы жорығының, күзетуді ұйымдастырудың, қозғалыс бағытына барлау жүргізудің, қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандырудың, заңсыз қаруланған құралымдарды бұғаттаудың және оларды жоюдың тактикалық эпизодтары пысықталды.Одан бөлек бақылау-өткізу пункттерінде қызмет атқару, көліктерді тексеру, жергілікті жерді патрульдеу практикалық іс-қимылдары да ұйымдастырылды. Маңызды инфрақұрылым объектілерін қорғау, гуманитарлық көмек легін алып жүру және босқындарға алғашқы көмек көрсету мәселелері пысықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39167418_172:0:853:511_1920x0_80_0_0_b91c77cd7d98e829d4087adefa218ffc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірлескен оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қатысты.
Бірлескен оқу-жаттығу Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында өтті. Бұл ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің Орталық Азия өңірінде бейбітшілікті сақтау жөніндегі ұжымдық қауіпсіздік операциясын дайындау және оны өткізу кезінде ұлттық контингенттердің үйлесімділігін арттыруға бағытталған.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қырғызстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов, Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Мирзо, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының, әскери-дипломатиялық корпустың және халықаралық өңірлік ұйымдардың өкілдері бақылады.
Оқу-жаттығуда әскери контингенттерді белгіленген аудандарға әр түрлі тәсілмен жеткізудің, лектерді қалыптастырудың, автомобиль және броньды танк техникасы жорығының, күзетуді ұйымдастырудың, қозғалыс бағытына барлау жүргізудің, қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандырудың, заңсыз қаруланған құралымдарды бұғаттаудың және оларды жоюдың тактикалық эпизодтары пысықталды.
Одан бөлек бақылау-өткізу пункттерінде қызмет атқару, көліктерді тексеру, жергілікті жерді патрульдеу практикалық іс-қимылдары да ұйымдастырылды. Маңызды инфрақұрылым объектілерін қорғау, гуманитарлық көмек легін алып жүру және босқындарға алғашқы көмек көрсету мәселелері пысықталды.