Қазақстанда электронды сауда-саттықтың көлемі 30 процентке өсті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуOzon логистикалық орталығының ашылуы
Ozon логистикалық орталығының ашылуы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Жазылу
ЕАЭО елдерінде электронды сауда-саттық қарқынды дамып келеді
АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. ЕАЭО елдерінде электронды сауда-саттық қарқынды дамып келеді, оның өсу қарқыны әлемдік деңгейден асып түсті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
"Оның өсу қарқыны әлемдік деңгейден асып түсті, ұлттық сараптама агенттіктерінің мәліметі бойынша ең жоғары өсім 2022 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында 30% деңгейінде тіркелді", - деді ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бәкенов.
Ол қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, "ЕАЭО шеңберінде электронды сауда тауарлары нарығын мамандандырылған реттеуді енгізумен айналысып жатқанын" айтты.
Хабарламада 2022 жылы әлемдік онлайн сауда бөлшек сауда нарығының 19 пайызын құрап, ақша түрінде 5,5 триллион доллардан асқаны аталып өткен. Сарапшылардың болжамы бойынша 2027 жылы оның үлесі әлемдік сауданың 25 пайызын немесе 9,1 трлн долларды құрайды.
Жаңалықтар
0