https://sputnik.kz/20231013/auyldarda-starlink-ornatu-ushin-qazaqstan-qansha-toleydi--musin-zhauap-berdi-39325955.html
Ауылдарда Starlink орнату үшін Қазақстан қанша төлейді – Мусин жауап берді
Ауылдарда Starlink орнату үшін Қазақстан қанша төлейді – Мусин жауап берді
Sputnik Қазақстан
Министрліктің айтуынша, SpaceX прейскуранттарында көрсетілген бағадан арзанырақ болады 13.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-13T11:22+0500
2023-10-13T11:22+0500
2023-10-13T11:22+0500
бағдат мусин
интернет
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39322788_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_470438d3d54aeafb9939c2e851d26217.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан ауылдарында Starlink жаһандық спутник жүйесін орнату елге қанша шығын әкелетінін айтты."Мектептердің секундына 4 мегабит интернетке жұмсайтын қазіргі күнгі шығындары Starlink-ке қызмет көрсетуге және Starlink қызметтерін мектеп оқушыларына жеткізуге жұмсайтын ақша сомасына тең", - деді министр Digital Bridge форумының алдын ала қорытындылары айтылған брифингте.Мусиннің айтуынша, мемлекет корпоративтік келісімшарт жасасады. Қазір құжаттың жекелеген тармақтары талқыланып жатыр, екі аптадан кейін жұртшылық барлық шарттар туралы білетін болады."Бұл мемлекеттің қаржысы, сондықтан біз сізге осы қызметтердің құны туралы барлық ақпаратты жеткіземіз. Бүгінгі келіссөздер бір нүкте үшін ай сайынғы төлемнің құны шамамен 200 доллар болу туралы жүріп жатыр", - деп нақтылады Мусин.Бұл тек қызметтің құны, оған құрылғылар кірмейді."Біздің әкімдіктер мен білім басқармалары бүгінгі таңда спутниктік интернетті жеткізуге шамамен 1,5-3 миллион теңге жұмсайды", - деп атап өтті министр.Алматы облысының мектептерінде пилоттық жоба ретінде қосылады.
https://sputnik.kz/20231012/qazaqstannyn-shalgay-auyldary-starlink-arqyly-internetke-qosylady-39310466.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39322788_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_9f8703475b08457d065bae1c06af673c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бағдат мусин, интернет
Ауылдарда Starlink орнату үшін Қазақстан қанша төлейді – Мусин жауап берді
Министрліктің айтуынша, SpaceX прейскуранттарында көрсетілген бағадан арзанырақ болады
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан ауылдарында Starlink жаһандық спутник жүйесін орнату елге қанша шығын әкелетінін айтты.
"Мектептердің секундына 4 мегабит интернетке жұмсайтын қазіргі күнгі шығындары Starlink-ке қызмет көрсетуге және Starlink қызметтерін мектеп оқушыларына жеткізуге жұмсайтын ақша сомасына тең", - деді министр Digital Bridge форумының алдын ала қорытындылары айтылған брифингте.
Мусиннің айтуынша, мемлекет корпоративтік келісімшарт жасасады. Қазір құжаттың жекелеген тармақтары талқыланып жатыр, екі аптадан кейін жұртшылық барлық шарттар туралы білетін болады.
"Бұл мемлекеттің қаржысы, сондықтан біз сізге осы қызметтердің құны туралы барлық ақпаратты жеткіземіз. Бүгінгі келіссөздер бір нүкте үшін ай сайынғы төлемнің құны шамамен 200 доллар болу туралы жүріп жатыр", - деп нақтылады Мусин.
Бұл тек қызметтің құны, оған құрылғылар кірмейді.
"Біздің әкімдіктер мен білім басқармалары бүгінгі таңда спутниктік интернетті жеткізуге шамамен 1,5-3 миллион теңге жұмсайды", - деп атап өтті министр.
Алматы облысының мектептерінде пилоттық жоба ретінде қосылады.