https://sputnik.kz/20231012/zhaldamaly-uyler-qanday-bagamen-satylady--ministr-zhana-zhuyeni-tusindirdi--39314303.html
Жалдамалы үйлер қандай бағамен сатылады – министр жаңа жүйені түсіндірді
Жалдамалы үйлер қандай бағамен сатылады – министр жаңа жүйені түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Осы орайда министр "жалдамалы пәтердің баланстық бағасы" дегеніміз не екенін де түсіндірді 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T19:31+0500
2023-10-12T19:31+0500
2023-10-12T19:31+0500
жалдамалы баспана
тұрғын үй бағдарламасы
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алдағы уақытта жалдамалы үй алған азаматтарға баспананы баланстық бағаға сатып алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тиісті түзетулер мәжілістің қарауында жатыр. Заңға енгізілетін өзгерістер бар. Сосын министрліктің деңгейінде нормативтік базаға түзету енгізу керек.Осы орайда министр "жалдамалы пәтердің баланстық бағасы" дегеніміз не екенін де түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, пәтер әкімдік балансына қандай бағаға алынса, сондай бағаға сатылады.Мәжіліс тиісті түзетулерді қабылдап, заңға енгізуі керек. Содан кейін ғана жалдамалы пәтерді жеке меншікке сатып алуға болады.
https://sputnik.kz/20231012/baspana-kezegin-qalay-tazartady--ministr-zhauap-berdi-39311843.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалдамалы баспана, тұрғын үй бағдарламасы
жалдамалы баспана, тұрғын үй бағдарламасы
Жалдамалы үйлер қандай бағамен сатылады – министр жаңа жүйені түсіндірді
Осы орайда министр "жалдамалы пәтердің баланстық бағасы" дегеніміз не екенін де түсіндірді
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алдағы уақытта жалдамалы үй алған азаматтарға баспананы баланстық бағаға сатып алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тиісті түзетулер мәжілістің қарауында жатыр. Заңға енгізілетін өзгерістер бар. Сосын министрліктің деңгейінде нормативтік базаға түзету енгізу керек.
"Ең алдымен жалдамалы пәтерде тұратын адамдарға баспананы сатып алуға мүмкіндік алады. Әзірше, бес жыл деп отырмыз, яғни, жалдамалы пәтерде бес жыл тұрған адам оны сатып алу құқығына ие болады. Ал бағасына келер болсақ, жалдамалы пәтерді нарықтық бағаға емес, баланстық бағаға сатып алуға қатысты келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонда ол адамдарға жеңілдеу болады", - деді Шарлапаев бүгінгі брифингте.
Осы орайда министр "жалдамалы пәтердің баланстық бағасы" дегеніміз не екенін де түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, пәтер әкімдік балансына қандай бағаға алынса, сондай бағаға сатылады.
Мәжіліс тиісті түзетулерді қабылдап, заңға енгізуі керек. Содан кейін ғана жалдамалы пәтерді жеке меншікке сатып алуға болады.