ҰҚШҰ-ның Қырғызстандағы оқу-жаттығуларында алғаш рет жауынгерлік катер қолданылды

© PhotoВ Кыргызстане в рамках учения с Миротворческими силами ОДКБ "Нерушимое братство-2023" впервые задействованы боевые катера и отработаны действия в акватории озера Иссык-Куль
В Кыргызстане в рамках учения с Миротворческими силами ОДКБ Нерушимое братство-2023 впервые задействованы боевые катера и отработаны действия в акватории озера Иссык-Куль - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қырғызстанда "Мызғымас бауырластық – 2023" оқу-жаттығуының аясында ҰҚШҰ-ның бітімгерлік әскері Ыстықкөлде алғаш рет әскери катерлермен әркет етіп көрді.
Оқу-жаттығу аясында акваториді патрульдеуге 6 катер жұмылдырылды.
Жаттығудың идеясы бойынша "террористер" әскери конвойға шабуыл жасады. Баржадағы радиоактивті қалдықтар тиелген жүк пен экипажды "тұтқынға" алды. Қырғызстан мен Ресей Федерациясының қорғаныс күштерінің көмегімен су кемесін шабуылдаушылардан құтқарау туралы шешім қабылданды.
Операция барысында кемеге Ми-8МТВ тікұшағының көмегімен Қырғызстан қорғаныс күштерінің арнайы жасақ тобы шабуыл жасады. Десанттық шабуылдың авиациялық қорғанысын Қазақстан қорғаныс күштерінің Ми-17 тікұшағы қамтамасыз етті.
© PhotoҰҚШҰ-ның Қырғызстандағы оқу-жаттығуларында алғаш рет жауынгерлік катер қолданылды
В Кыргызстане в рамках учения с Миротворческими силами ОДКБ Нерушимое братство-2023 впервые задействованы боевые катера и отработаны действия в акватории озера Иссык-Куль - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
ҰҚШҰ-ның Қырғызстандағы оқу-жаттығуларында алғаш рет жауынгерлік катер қолданылды
Құтқарылған тұтқындар эвакуацияланды. Сүңгуір катер кемелердің көмегімен террористер лақтырған радиоактивті қалдықтар бар контейнерге қарай аттанды. Суңгуірлер СВУ-5 құрылғысымен зерттеу жүргізіп контейнерді көтерді. Инженерлік-саперлік бөлімше кемеде жарылғыш заттың бар-жоғына тексерді.
Осылайша қатысушылар бірлесіп, операцияны сәтті аяқтады.
9-13 қазан аралығында Қырғызстан қорғаныс министрлігіне қарасты 20636 әскери бөлімінің "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгершілік күштері "Мызғымас бауырластық-2023" бірлескен оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. Оған Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштерінің ұлттық контингенттері, Біріккен штаб пен ҰҚШҰ хатшылығының жедел топтары қатысуда.
Жаңалықтар
0