https://sputnik.kz/20231012/toqaev-tiktok-tyn-bas-direktorymen-kezdesti-39309302.html
Тоқаев TikTok-тың бас директорымен кездесті
Тоқаев TikTok-тың бас директорымен кездесті
Sputnik Қазақстан
TikTok платформасына 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T15:44+0500
2023-10-12T15:44+0500
2023-10-12T15:44+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0c/39308903_0:85:1280:805_1920x0_80_0_0_ee8a2e94b06db195a33f0700ec3f00d9.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.Чжоу Шоуцзы Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны туралы баяндады.Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы өткізілді. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау әдістерін үйрету курсынан өтті.Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды.
https://sputnik.kz/20231012/qasym-zhomart-toqaev-digital-bridge-forumy-ayasynda-otken-kormege-bardy-39305810.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0c/39308903_47:0:1234:890_1920x0_80_0_0_003d8dbbb48e9b899351f026029c790a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев TikTok-тың бас директорымен кездесті
TikTok платформасына 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.
Чжоу Шоуцзы Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны туралы баяндады.
Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы өткізілді. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау әдістерін үйрету курсынан өтті.
Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды.