https://sputnik.kz/20231012/tmd-syrtqy-ister-ministrleri-kenesinin-otyrysy-qalay-otti-39326708.html
ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қалай өтті
ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қалай өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бішкекте ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиынға қатысушылар кең ауқымды тақырыптарды талқылап, халықаралық күн... 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T18:04+0500
2023-10-12T18:04+0500
2023-10-13T11:41+0500
тмд
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39331453_0:286:3000:1974_1920x0_80_0_0_0f516a59673b6b55895d60a1b3fba0f8.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бішкекте ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиынға қатысушылар кең ауқымды тақырыптарды талқылап, халықаралық күн тәртібі мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі түрде пікір алмасты.Қырғызстан Республикасының сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жээнбек Кулубаевтың айтуынша, қатысушылар кең ауқымды тақырыптарды талқылап, халықаралық күн тәртібі мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі түрде пікір алмасты.Кулубаев ТМД елдері Сыртқы істер министрлігі Кеңесі отырысының және Қырғызстанның 2023 жылғы Достастықтағы төрағалығының қорытындысын жариялады."ТМД аясында одан әрі ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты шаралар қабылданды, сыртқы саяси үйлестіруді кеңейту бойынша жұмыс жүргізілді, 2024 жылға арналған көп деңгейлі сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар жоспары белгіленді. Қылмыстық жолмен тапқан кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес, сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастықты және орта мерзімді перспективада қылмысқа қарсы шараларды кеңейту саласындағы алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар жасалды", - деді Кулубаев журналистерге берген сұхбатында.ТМД Атқару комитетінің Бас хатшысы Сергей Лебедев Қырғызстан Республикасымен жұмыс "иық тіресе" жүргізілгенін айтты. Кездесуден кейін ол тараптар мәмілеге келе алғанын және соның нәтижесі ретінде күн тәртібінде тұрған барлық құжатқа қол қойылғанын мәлімдеді.Айта кету керек, Лебедев айтқан бұл 17 құжат 13 қазан күні Қырғызстанның бас қаласында өтетін Достастық мемлекеттерінің басшыларына ұсынылады. 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа басты назар аударылды.РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та отырыстан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Халықаралық орыс тілі ұйымын құруды мақұлдағанын хабарлады.Сонымен қатар Лавров Таяу Шығыстағы қазір болып жатқан қақтығыс туралы сұраққа да жауап беріп, бұл жағдай басқа тараптардың БҰҰ жарғыларын сақтаудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізеді деп үміттенетінін айтты."Бүгін біз Таяу Шығыстағы қақтығыс тақырыбын да қозғадық. Барлығының пікірі бір: қақтығысты дереу тоқтату, халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау, кез келген лаңкестік көріністерге жол бермеу, екі тараптың азаматтары зардап шегіп жатқан кез келген ретсіз күш қолдануды болдырмау керек", - деді ресейлік министр.Ол бірнеше ондаған жыл бойы БҰҰ-ның Палестина мемлекетін құру туралы шешімдеріне қатысты іріткі жүргізіліп жатқанын айтты."Біз жанжал аяқталғаннан кейін барлығы БҰҰ мақұлдаған қағидаларға негізделген Палестина мемлекетін құру туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін орындау жауапкершілігін байыппен қабылдайды деп үміттенеміз", - деді Лавров.Айта кету керек, 2023 жылы Қырғызстанның ТМД-ға төрағалығы аясында бұл елде жалпы 45 іс-шара өтті. Жыл соңына дейін тағы 36 іс-шара, соның ішінде үкімет басшыларының және Парламентаралық ассамблеяның отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2024 жылдың сәуір айында Минскте өтеді. Бұл жолы Достастыққа Ресей төрағалық етеді.
https://sputnik.kz/20231012/tmd-syrtqy-ister-ministrlerinin-kenesi-sergey-lavrovtyn-baspasoz-maslikhaty--video-39302939.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39331453_171:0:2840:2002_1920x0_80_0_0_70b7a2e95613f7233c991fc9db3cd184.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бішкекте ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиынға қатысушылар кең ауқымды тақырыптарды талқылап, халықаралық күн тәртібі мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі түрде пікір алмасты.
Қырғызстан Республикасының сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жээнбек Кулубаевтың айтуынша, қатысушылар кең ауқымды тақырыптарды талқылап, халықаралық күн тәртібі мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі түрде пікір алмасты.
Кулубаев ТМД елдері Сыртқы істер министрлігі Кеңесі отырысының және Қырғызстанның 2023 жылғы Достастықтағы төрағалығының қорытындысын жариялады.
"ТМД аясында одан әрі ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты шаралар қабылданды, сыртқы саяси үйлестіруді кеңейту бойынша жұмыс жүргізілді, 2024 жылға арналған көп деңгейлі сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар жоспары белгіленді. Қылмыстық жолмен тапқан кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес, сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастықты және орта мерзімді перспективада қылмысқа қарсы шараларды кеңейту саласындағы алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар жасалды", - деді Кулубаев журналистерге берген сұхбатында.
ТМД Атқару комитетінің Бас хатшысы Сергей Лебедев Қырғызстан Республикасымен жұмыс "иық тіресе" жүргізілгенін айтты. Кездесуден кейін ол тараптар мәмілеге келе алғанын және соның нәтижесі ретінде күн тәртібінде тұрған барлық құжатқа қол қойылғанын мәлімдеді.
Айта кету керек, Лебедев айтқан бұл 17 құжат 13 қазан күні Қырғызстанның бас қаласында өтетін Достастық мемлекеттерінің басшыларына ұсынылады. 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа басты назар аударылды.
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та отырыстан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Халықаралық орыс тілі ұйымын құруды мақұлдағанын хабарлады.
"Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы құжат бекітілді. Ол кез келген мүдделі тараптарға, соның ішінде Достастыққа кірмейтіндер үшін де қолжетімді әрі ашық болады", - деді Лавров.
Сонымен қатар Лавров Таяу Шығыстағы қазір болып жатқан қақтығыс туралы сұраққа да жауап беріп, бұл жағдай басқа тараптардың БҰҰ жарғыларын сақтаудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізеді деп үміттенетінін айтты.
"Бүгін біз Таяу Шығыстағы қақтығыс тақырыбын да қозғадық. Барлығының пікірі бір: қақтығысты дереу тоқтату, халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау, кез келген лаңкестік көріністерге жол бермеу, екі тараптың азаматтары зардап шегіп жатқан кез келген ретсіз күш қолдануды болдырмау керек", - деді ресейлік министр.
Ол бірнеше ондаған жыл бойы БҰҰ-ның Палестина мемлекетін құру туралы шешімдеріне қатысты іріткі жүргізіліп жатқанын айтты.
"Біз жанжал аяқталғаннан кейін барлығы БҰҰ мақұлдаған қағидаларға негізделген Палестина мемлекетін құру туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін орындау жауапкершілігін байыппен қабылдайды деп үміттенеміз", - деді Лавров.
Айта кету керек, 2023 жылы Қырғызстанның ТМД-ға төрағалығы аясында бұл елде жалпы 45 іс-шара өтті. Жыл соңына дейін тағы 36 іс-шара, соның ішінде үкімет басшыларының және Парламентаралық ассамблеяның отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2024 жылдың сәуір айында Минскте өтеді. Бұл жолы Достастыққа Ресей төрағалық етеді.