https://sputnik.kz/20231012/tezdetu-kerek-toqaev-ukimetke-5g-zhelisine-qatysty-tapsyrma-berdi-39296274.html
"Тездету керек": Тоқаев үкіметке 5G желісіне қатысты тапсырма берді
"Тездету керек": Тоқаев үкіметке 5G желісіне қатысты тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін барлық облыс орталығын жаңа буындағы ұялы байланыспен 2027 жылға қамту міндеті қойылған болатын 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T09:40+0500
2023-10-12T09:40+0500
2023-10-12T09:40+0500
қасым-жомарт тоқаев
интернет
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_0:181:2997:1866_1920x0_80_0_0_6a0896969554e799f996ade07d1a029c.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 5G желісін енгізу жұмысын мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент Қазақстанда 5G желісін енгізу процесі басталып кеткенін атап өтті.Мемлекет басшысы жұмыстың жеделдеуі көрсетілетін қызметтің сапасына кері әсерін тигізбеуі керек екенін айтты.Сондай-ақ президент ең шалғай елді мекендерді интернетке қосуды тапсырды. Айтуынша, осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмен орбиталды спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалану керек.Тоқаев заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу үшін үкіметке осы мәселені жан-жақты пысықтау туралы тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_132:0:2863:2048_1920x0_80_0_0_93640187f4d7e10d34ef84489340d0a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, интернет
қасым-жомарт тоқаев, интернет
"Тездету керек": Тоқаев үкіметке 5G желісіне қатысты тапсырма берді
Бұған дейін барлық облыс орталығын жаңа буындағы ұялы байланыспен 2027 жылға қамту міндеті қойылған болатын
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 5G желісін енгізу жұмысын мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан тілшісі.
Президент Қазақстанда 5G желісін енгізу процесі басталып кеткенін атап өтті.
"Бұған дейін барлық облыс орталығын жаңа буындағы ұялы байланыспен 2027 жылға дейін қамту міндеті қойылған болатын. Алайда технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында бізге тездету керек. Шындап тездету керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын 2025 жылдың соңына дейін аяқтауға тиіс", - деп мәлімдеді Тоқаев Digital Bridge 2023 форумының пленарлық отырысында.
Мемлекет басшысы жұмыстың жеделдеуі көрсетілетін қызметтің сапасына кері әсерін тигізбеуі керек екенін айтты.
Сондай-ақ президент ең шалғай елді мекендерді интернетке қосуды тапсырды. Айтуынша, осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмен орбиталды спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалану керек.
Тоқаев заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу үшін үкіметке осы мәселені жан-жақты пысықтау туралы тапсырма берді.