https://sputnik.kz/20231012/reseydin-ukrainadagy-arnayy-operatsiyasy-qorganys-ministrliginin-zhanalyqtary-39314754.html
Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы: қорғаныс министрлігінің жаңалықтары
Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы: қорғаныс министрлігінің жаңалықтары
Sputnik Қазақстан
Ресей Федерациясының Қарулы күштері арнайы әскери операцияны жалғастырып жатыр 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T21:45+0500
2023-10-12T21:45+0500
2023-10-12T21:45+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
қару-жарақ
әскери техника
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39182647_0:0:2915:1640_1920x0_80_0_0_a2387415ff157ae8416f2371a6a2f051.jpg
Купянск бағытында "Западная" әскер тобының бөлімшелері авиацияның, артиллериялық атыстардың және ауыр огнемет қондырғыларының қолдауымен белсенді іс-қимылдар барысында Украина Қарулы Күштерінің Харьков облысының Синьковка, Ивановка және Луганск Халық Республикасының Макеевка елді мекендердегі 4-ші танк, 14-ші, 32-ші және 115-ші механикаландырылған бригадалардың шабуылдау топтарының жеті қарсы шабуылына тойтарыс берді.Украина Қарулы күштерінің 14-ші механикаландырылған бригадасы мен 103-ші аймақтық қорғаныс бригадасының адам күші мен техникасы да Купянск қаласы мен Харьков облысының Берестовое ауылы аудандарында қиратылды. Украинаның 105-ке дейін әскери қызметкері, бір танк, екі автокөлік, Польшада жасалған Krab өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, АҚШ-та жасалған M109 Paladin өздігінен жүретін гаубицасы және Д-30 зеңбірегі жойылды.Краснолиманск бағытында "Центр" әскер тобы бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылдары, армиялық авиацияның соққылары және артиллериялық атыстарымен Донецк Халық Республикасындағы Ямполовка және Луганск Халық Республикасындағы Червоная Диброва елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштерінің 21-ші және 67-ші механикаландырылған бригадаларының шабуылдау топтарының үш шабуылына тойтарыс берілді. Украина Қарулы күштерінің шығыны 55-ке дейін әскери қызметкерді, екі броньдалған жауынгерлік машинаны және екі Д-30 гаубицасын құрады.Донецк бағытында "Южный" әскер тобының бөлімшелері авиациялық және артиллериялық атыстардың қолдауымен Донецк Халық Республикасының Клещеевка және Первомайское елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштерінің шабуылдау топтарының үш шабуылына тойтарыс берді.Шабуылдау авиациясының соққыларымен Луганск Халық Республикасының Белогоровка, Курдюмовка, Авдеевка және Донецк Халық Республикасының Марьинка елді мекендеріндегі Украина Қарулы күштерінің 10-шы таулы-шабуылдаушы, 53-ші, 93-ші және 110-шы механикаландырылған бригадаларының адам күші мен техникасын талқандалды. Қарсы тараптың бұл бағыттағы күнделікті шығыны қаза тапқан және жараланған 340 әскери қызметкерді, бір танкті, бес броньдалған жауынгерлік машинаны және алты автомобильді құрады.Батареяға қарсы күрес кезінде мыналар қиратылды: француздық Caezar өздігінен жүретін гаубицасы, екі Д-20 зеңбірегі және Д-30 гаубицасы. Сонымен қатар, Донецк Халық Республикасының Авдеевка, Орловка және Ласточкино елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштері бөлімшелерінің үш оқ-дәрі қоймасы жойылды.Оңтүстік Донецк бағытында "Восток" әскер тобының бөлімшелері армиялық авиация және артиллериямен бірлесе отырып, Донецк Халық Республикасының Урожайное және Новомихайловка елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштерінің 58-ші мотоатқыштар, 79-шы десанттық-шабуылдау бригадаларының жеке құрамы мен техникасына оқ жаудырды.Украинаның 165-ке дейін әскери қызметкері, екі автомобилі жойылды, сонымен қатар "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесі, M109 Paladin өздігінен жүретін гаубицасы және "Акация" өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы да қиратылды.Запорожье бағытында ресейлік әскер тобының бөлімшелері, әуе соққылары және артиллериялық атыспен Украина Қарулы күштерінің 23-ші және 65-ші механикаландырылған бригадаларының шабуылдау топтарының Запорожье облысындағы Работино елді мекенінің ауданындағы екі шабуылын тойтарып тастады. Қарсы тараптың шығыны 30-ға дейін әскери қызметкерді, бір танкті, екі броньдалған машинаны, АҚШ-та жасалған M777 артиллериялық жүйесін, Д-20 зеңбірегін және АҚШ-та жасалған M119 гаубицасын құрады.Херсон бағытында атыс жүргізу нәтижесінде Украина Қарулы күштерінің бір тәуліктегі шығыны 50-ге дейін украиналық әскери қызметкерді, 11 автомобильді және Д-30 гаубицасын құрады. Сонымен қатар Херсон облысының Берислав қаласының аумағында радиоэлектронды күрес станциясы, сондай-ақ оқ-дәрі қоймасы жойылды.Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскер топтарының жедел-тактикалық және армиялық авиациясы, пилотсыз ұшу аппараттары, зымыран әскері және артиллериясымен 129 ауданда адам күші мен әскери техника талқандалды. Одесса облысы Измаил қаласының ауданында Украина Қарулы күштерінің әскери техника қоймасына соққы жасалды. Николаев облысының Солончаки елді мекенінің ауданында Украина Қарулы күштерінің десанттық катерлері бар қоймаға оқ бағытталды. Полтава облысындағы Миргород және Днепропетровск облысындағы Днепр аэродромдарында Украина әуе күштерінің авиациялық қару-жарақ қоймалары жойылды.Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері АҚШ-та жасалған алты HIMARS жаппай оқ атуға арналған жүйенің алты реактивті снарядын тежеді. Сонымен қатар Донецк Халық Республикасының Спорное және Пески, Луганск Халық Республикасының Белогоровка, Нырково, Запорожье облысының Новофедоровка, Романовское, Гуляйполе, Херсон облысының Николаевка, Новая Каховка елді мекендері аудандарында 39 пилотсыз ұшу аппараты жойылды.Арнайы әскери операция басталғаннан бері жойылған техника мынандай: 488 ұшақ, 250 тікұшақ, 7 748 пилотсыз ұшу аппараты, 441 зениттік зымыран кешені, 12 528 танк және басқа да броньдалған машина, 1163 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің жауынгерлік машинасы, 6 738 дала артиллериясының зеңбірегі және минометтер, сондай-ақ 14 115 бірлік арнайы әскери автомобиль техникасы.
https://sputnik.kz/20231011/ukraina-atom-nysandaryna-shabuyl-zhasauga-dayyndalyp-zhatyr--rf-syrtqy-barlau-qyzmeti-39273663.html
https://sputnik.kz/20231011/resey-aviatsiyasy-kupyansk-manynda-ukraina-kushterinin-brigadalaryna-14-ret-soqqy-zhasady-39264747.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39182647_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_466d316c0011fc99c1d23cd1d59d0e35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қару-жарақ, әскери техника
ресей, қару-жарақ, әскери техника
Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы: қорғаныс министрлігінің жаңалықтары
Ресей Федерациясының Қарулы күштері арнайы әскери операцияны жалғастырып жатыр
Купянск бағытында "Западная" әскер тобының бөлімшелері авиацияның, артиллериялық атыстардың және ауыр огнемет қондырғыларының қолдауымен белсенді іс-қимылдар барысында Украина Қарулы Күштерінің Харьков облысының Синьковка, Ивановка және Луганск Халық Республикасының Макеевка елді мекендердегі 4-ші танк, 14-ші, 32-ші және 115-ші механикаландырылған бригадалардың шабуылдау топтарының жеті қарсы шабуылына тойтарыс берді.
Украина Қарулы күштерінің 14-ші механикаландырылған бригадасы мен 103-ші аймақтық қорғаныс бригадасының адам күші мен техникасы да Купянск қаласы мен Харьков облысының Берестовое ауылы аудандарында қиратылды. Украинаның 105-ке дейін әскери қызметкері, бір танк, екі автокөлік, Польшада жасалған Krab өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, АҚШ-та жасалған M109 Paladin өздігінен жүретін гаубицасы және Д-30 зеңбірегі жойылды.
Краснолиманск бағытында "Центр" әскер тобы бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылдары, армиялық авиацияның соққылары және артиллериялық атыстарымен Донецк Халық Республикасындағы Ямполовка және Луганск Халық Республикасындағы Червоная Диброва елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштерінің 21-ші және 67-ші механикаландырылған бригадаларының шабуылдау топтарының үш шабуылына тойтарыс берілді. Украина Қарулы күштерінің шығыны 55-ке дейін әскери қызметкерді, екі броньдалған жауынгерлік машинаны және екі Д-30 гаубицасын құрады.
Донецк бағытында "Южный" әскер тобының бөлімшелері авиациялық және артиллериялық атыстардың қолдауымен Донецк Халық Республикасының Клещеевка және Первомайское елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштерінің шабуылдау топтарының үш шабуылына тойтарыс берді.
Шабуылдау авиациясының соққыларымен Луганск Халық Республикасының Белогоровка, Курдюмовка, Авдеевка және Донецк Халық Республикасының Марьинка елді мекендеріндегі Украина Қарулы күштерінің 10-шы таулы-шабуылдаушы, 53-ші, 93-ші және 110-шы механикаландырылған бригадаларының адам күші мен техникасын талқандалды. Қарсы тараптың бұл бағыттағы күнделікті шығыны қаза тапқан және жараланған 340 әскери қызметкерді, бір танкті, бес броньдалған жауынгерлік машинаны және алты автомобильді құрады.
Батареяға қарсы күрес кезінде мыналар қиратылды: француздық Caezar өздігінен жүретін гаубицасы, екі Д-20 зеңбірегі және Д-30 гаубицасы. Сонымен қатар, Донецк Халық Республикасының Авдеевка, Орловка және Ласточкино елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштері бөлімшелерінің үш оқ-дәрі қоймасы жойылды.
Оңтүстік Донецк бағытында "Восток" әскер тобының бөлімшелері армиялық авиация және артиллериямен бірлесе отырып, Донецк Халық Республикасының Урожайное және Новомихайловка елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштерінің 58-ші мотоатқыштар, 79-шы десанттық-шабуылдау бригадаларының жеке құрамы мен техникасына оқ жаудырды.
Украинаның 165-ке дейін әскери қызметкері, екі автомобилі жойылды, сонымен қатар "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесі, M109 Paladin өздігінен жүретін гаубицасы және "Акация" өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы да қиратылды.
Запорожье бағытында ресейлік әскер тобының бөлімшелері, әуе соққылары және артиллериялық атыспен Украина Қарулы күштерінің 23-ші және 65-ші механикаландырылған бригадаларының шабуылдау топтарының Запорожье облысындағы Работино елді мекенінің ауданындағы екі шабуылын тойтарып тастады. Қарсы тараптың шығыны 30-ға дейін әскери қызметкерді, бір танкті, екі броньдалған машинаны, АҚШ-та жасалған M777 артиллериялық жүйесін, Д-20 зеңбірегін және АҚШ-та жасалған M119 гаубицасын құрады.
Херсон бағытында атыс жүргізу нәтижесінде Украина Қарулы күштерінің бір тәуліктегі шығыны 50-ге дейін украиналық әскери қызметкерді, 11 автомобильді және Д-30 гаубицасын құрады. Сонымен қатар Херсон облысының Берислав қаласының аумағында радиоэлектронды күрес станциясы, сондай-ақ оқ-дәрі қоймасы жойылды.
Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскер топтарының жедел-тактикалық және армиялық авиациясы, пилотсыз ұшу аппараттары, зымыран әскері және артиллериясымен 129 ауданда адам күші мен әскери техника талқандалды. Одесса облысы Измаил қаласының ауданында Украина Қарулы күштерінің әскери техника қоймасына соққы жасалды. Николаев облысының Солончаки елді мекенінің ауданында Украина Қарулы күштерінің десанттық катерлері бар қоймаға оқ бағытталды. Полтава облысындағы Миргород және Днепропетровск облысындағы Днепр аэродромдарында Украина әуе күштерінің авиациялық қару-жарақ қоймалары жойылды.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері АҚШ-та жасалған алты HIMARS жаппай оқ атуға арналған жүйенің алты реактивті снарядын тежеді. Сонымен қатар Донецк Халық Республикасының Спорное және Пески, Луганск Халық Республикасының Белогоровка, Нырково, Запорожье облысының Новофедоровка, Романовское, Гуляйполе, Херсон облысының Николаевка, Новая Каховка елді мекендері аудандарында 39 пилотсыз ұшу аппараты жойылды.
Арнайы әскери операция басталғаннан бері жойылған техника мынандай: 488 ұшақ, 250 тікұшақ, 7 748 пилотсыз ұшу аппараты, 441 зениттік зымыран кешені, 12 528 танк және басқа да броньдалған машина, 1163 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің жауынгерлік машинасы, 6 738 дала артиллериясының зеңбірегі және минометтер, сондай-ақ 14 115 бірлік арнайы әскери автомобиль техникасы.