https://sputnik.kz/20231012/izrailden-oralgan-aqtobelik-dariger-qasymyzga-somkemizdi-alyp-zhattyq-39294892.html
Израильден оралған ақтөбелік дәрігер: қасымызға сөмкемізді алып жаттық
Израильден оралған ақтөбелік дәрігер: қасымызға сөмкемізді алып жаттық
Sputnik Қазақстан
"Бізге бомбадан қорғанатын баспананың кодтарын беріп қойды, соған дайын болдық" 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T07:58+0500
2023-10-12T07:58+0500
2023-10-12T07:58+0500
израиль
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:300:2573:1747_1920x0_80_0_0_0b94c575b5b12529f81db90ec040919e.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Израильден елге оралған отандастарымыз қақтығыс аймағында қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді.Таяу Шығыстағы қақтығыс ушығып барады. Ондағы қазақстандықтарды эвакуациялау оңайға соқпады. Елге қайтуға ниеттілерді Тель-Авивке жинап, арнайы рейспен Алматыға алып келді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы."Ұшу не ұшпау туралы шешім соңғы мезетке дейін, ұшақтың есігі жабылғанша қайта-қайта талқыланды. Яғни өте күрделі жағдай болған соң, басшылық барлық ықтимал қауіпті ескеріп шешім қабылдады", - дейді "Air astana" әуе компаниясының бас ұшқышы Олег Колесников.Ақтөбелік дәрігер Қарлығаш Өтепбергенқызы Хайфа қаласына мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуге 3 айға барған. Бірақ қақтығысқа байланысты екі аптадан соң тоқтатылыпты."Біз барған қалада соғыс болып жатқан жоқ, бірақ адамдардың көзінде қорқыныш бар, түнде қасымызға сөмкемізді алып жаттық. Кез келген уақытта үстімізге зымыран түсіп кете ме деп қорықтық. Бізге бомбадан қорғанатын баспананың кодтарын беріп қойды, соған дайын болдық", - дейді Қарлығаш Өтепбергенқызы.Ал алматылық Артур Ковалеский білімін жетілдіру үшін барған."Бұндайды бұрын-соңды көрмеген соң қатты қорқып отырдық. Сирена мен зымырандар дауысы естілген сайын үрейлендік. Еліміз өз азаматтарын осылай тез арада қайтарғаны үшін алғысым шексіз", - дейді Артур КовалескийАлматыдан Тель-Авивке аптасына екі рет ұшатын әуе кемесі соңғы рейсті 5 қазан күні жасаған. Таяу Шығыстағы шиеленіскен қақтығысқа байланысты барлық рейс тоқтатылды.
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:59:2573:1989_1920x0_80_0_0_f7411c1f8b8abbc4bbe8bb7c051f6934.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль
Израильден оралған ақтөбелік дәрігер: қасымызға сөмкемізді алып жаттық
"Бізге бомбадан қорғанатын баспананың кодтарын беріп қойды, соған дайын болдық"
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Израильден елге оралған отандастарымыз қақтығыс аймағында қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді.
Таяу Шығыстағы қақтығыс ушығып барады. Ондағы қазақстандықтарды эвакуациялау оңайға соқпады. Елге қайтуға ниеттілерді Тель-Авивке жинап, арнайы рейспен Алматыға алып келді, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
"Ұшу не ұшпау туралы шешім соңғы мезетке дейін, ұшақтың есігі жабылғанша қайта-қайта талқыланды. Яғни өте күрделі жағдай болған соң, басшылық барлық ықтимал қауіпті ескеріп шешім қабылдады", - дейді "Air astana" әуе компаниясының бас ұшқышы Олег Колесников.
Ақтөбелік дәрігер Қарлығаш Өтепбергенқызы Хайфа қаласына мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуге 3 айға барған. Бірақ қақтығысқа байланысты екі аптадан соң тоқтатылыпты.
"Біз барған қалада соғыс болып жатқан жоқ, бірақ адамдардың көзінде қорқыныш бар, түнде қасымызға сөмкемізді алып жаттық. Кез келген уақытта үстімізге зымыран түсіп кете ме деп қорықтық. Бізге бомбадан қорғанатын баспананың кодтарын беріп қойды, соған дайын болдық", - дейді Қарлығаш Өтепбергенқызы.
Ал алматылық Артур Ковалеский білімін жетілдіру үшін барған.
"Бұндайды бұрын-соңды көрмеген соң қатты қорқып отырдық. Сирена мен зымырандар дауысы естілген сайын үрейлендік. Еліміз өз азаматтарын осылай тез арада қайтарғаны үшін алғысым шексіз", - дейді Артур Ковалеский
Алматыдан Тель-Авивке аптасына екі рет ұшатын әуе кемесі соңғы рейсті 5 қазан күні жасаған. Таяу Шығыстағы шиеленіскен қақтығысқа байланысты барлық рейс тоқтатылды.