БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі бала құқықтары туралы Қазақстанның қарарын қабылдады

© PhotoСовет ООН по правам человека единогласно принял резолюцию Казахстана по правам ребенка в сфере образования
Совет ООН по правам человека единогласно принял резолюцию Казахстана по правам ребенка в сфере образования - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан БҰҰ Кеңесінде өзінің алғашқы бастамасын –"Әр балаға бейбітшілік пен толеранттылық жолында сапалы білім беруді қамтамасыз ету" Кеңес қарарын ұсынды.
Қарар балаларды тәрбиелеу және олардың білім беру ортасында қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы бейбітшілік пен толеранттылық, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу идеяларын ілгерілетуге бағытталған.
Құжат сондай-ақ мемлекеттердің кемсітушілікке жол бермеу және балалардың білім алуға, оның ішінде қарулы қақтығыстар жағдайында білімге қауіпсіз қолжетімділігінің негізгі принциптерін іске асыру жөніндегі міндеттемелерін қамтиды.
Қабылданған құжаттың негізгі элементтерінің бірі БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді қақтығыстар мен лаңкестіктен зардап шеккен балаларды сауықтыру және реинтеграциялау шараларын, атап айтқанда білім беру арқылы қамтамасыз етуге шақыру болды.
"Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекеттердің адам құқығы мәселелері бойынша АҚК-дегі ұстанымдарының әртүрлілігіне қарамастан, БҰҰ-ның ұсынылған құжаты 70-тен астам елдердің, соның ішінде АҚШ, Қытай, Еуропалық Одақ елдері, Латын Америкасы, Азия және Африка елдерінің тең авторлыққа қосылуы түрінде кең қолдау тапты. Резолюциясы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің бірауызды шешімімен қабылданды", - делінген СІМ хабарламасында.
Қазақстан президенті елдегі балаларды әлеуметтік қолдауды күшейтуді, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық түзетулер енгізуді, мектептердегі зорлық-зомбылық пен қорлауды тоқтатуды және тағы басқа да тапсырмалар берген болатын.
Жаңалықтар
0