Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Белгород маңындағы шабуылда Sputnik журналисі мен оның әйелі жараланып, қызы қаза тапты

© Photo : Хайбар Акифи/соцсетиХайбар Акифи
Хайбар Акифи - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Жазылу
Ерлі-зайыптылар егде жастағы туыстарына қонаққа келген
АСТАНА, 12 қазан - Sputnik. Белгород маңында Украина қарулы күштерінің дрон соққысы кезінде Sputnik журналисі мен оның әйелі жараланып, олардың 4 жасар қызы қаза тапты, деп хабарлады "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев.

"Украиналық дронның соққысынан Sputnik-тің ауған редакциясында жұмыс істейтін 29 жастағы қызметкеріміз Хайбар Акифи мен оның орыс әйелі Олеся ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр. Олеся жақындарынан – ата-анасынан айырылып қалды, сондай-ақ оның 4 жасар Амина есімді қыздары қаза тапты", - деді ол.

РИА Новости дереккөзінің айтуынша, ерлі-зайыптылар егде жастағы туыстарына қонаққа келген.
Sputnik журналисінің жұбайы – В. Г. Шухов атындағы Белгород мемелекеттік технологиялық университетінің қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Олеся Акифи. Күйеуі екеуі реанимацияда жатыр, Олесяның ата-анасын өлтіріп кетті.
Жаңалықтар
0