https://sputnik.kz/20231012/aqtau-portynan-qazaqstan-munayynyn-eksporty-50-ke-osti-39289071.html
Ақтау портынан Қазақстан мұнайының экспорты 50%-ке өсті
Ақтау портынан Қазақстан мұнайының экспорты 50%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
Ақтау портынан Баку портының бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайды 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T07:00+0500
2023-10-12T07:00+0500
2023-10-12T07:00+0500
мұнай
экспорт
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1b/32503382_0:0:2056:1157_1920x0_80_0_0_647d2a8dbcedaa98795093ffcbf36096.png
АСТАНА, 12 қазан - Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың 9 айында Ақтау портынан Қазақстан мұнайының экспортын 53%-ке арттырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте қазақстандық мұнайды Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2, 484 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 864 мың тоннаға немесе 53%-ке артық.Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портының бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайды (990,2 мың тоннаны құрады).Махачкала портына Ақтау портынан 1,49 млн тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аз.2022 жылы Қазақстан президенті Транскаспий дәлізі арқылы мұнай тасымалдауды ұлғайтуға нұсқау берді. Осыдан кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен Әзербайжан мемлекеттік SOCAR мұнай компаниясы жыл сайын теңізден Баку — Тбилиси — Джейхан мұнай құбыры бағыты бойынша 1,5 млн тонна мұнай тасымалдау туралы келісім жасасты.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1b/32503382_257:0:1800:1157_1920x0_80_0_0_56194424a2fd474e5f9a3a01c3b56222.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, экспорт, ақтау
Ақтау портынан Қазақстан мұнайының экспорты 50%-ке өсті
Ақтау портынан Баку портының бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайды
АСТАНА, 12 қазан - Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың 9 айында Ақтау портынан Қазақстан мұнайының экспортын 53%-ке арттырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте қазақстандық мұнайды Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2, 484 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 864 мың тоннаға немесе 53%-ке артық.
Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портының бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайды (990,2 мың тоннаны құрады).
Махачкала портына Ақтау портынан 1,49 млн тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аз.
2022 жылы Қазақстан президенті Транскаспий дәлізі арқылы мұнай тасымалдауды ұлғайтуға нұсқау берді. Осыдан кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен Әзербайжан мемлекеттік SOCAR мұнай компаниясы жыл сайын теңізден Баку — Тбилиси — Джейхан мұнай құбыры бағыты бойынша 1,5 млн тонна мұнай тасымалдау туралы келісім жасасты.