Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ақ үй өкілі АҚШ Украинаға шексіз көмек көрсетпейтінін айтты

© RuptlyСПУТНИК_Кирби посочувствовал журналисту, не поймавшему покемона на брифинге в Госдепе
СПУТНИК_Кирби посочувствовал журналисту, не поймавшему покемона на брифинге в Госдепе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Жазылу
АҚШ-тың қысқа мерзімде Украинаға да, Израильге де қолдау көрсету мүмкіндігі бар
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. АҚШ Украинаға шексіз әскери көмек көрсете бермейді, деп мәлімдеді Ақ үйдің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифинг барысында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Бүгін біз 200 миллион доллар бөлінгенін жарияладық. Біз қолымыздан келгенше көмектесіп те жатырмыз. Бірақ бұл көмек шексіз емес", - деді ол.
Кирби түсіндіргендей, АҚШ-тың қысқа мерзімде Украинаға да, Израильге де қолдау көрсету мүмкіндігі бар. Алайда ол "қысқа мерзімді келешекте" деген сөз нені білдіретінін тарқатып айтудан бас тартты. Көп мәселе ЦАХАЛ оқ-дәрілерді қаншалықты қарқынды жұмсайтынына және Израильдің әскери-өнеркәсіптік кешені өз армиясын снарядтармен қаншалықты қамтамасыз ете алатынына байланысты, дейді шенеунік.
7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымыранмен шабуыл жасалды. Жаппай атқылаудан кейін ХАМАС жауынгерлері еврей мемлекетінің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға кірді.
Палестина қозғалысының әскери қанаты "әл-Ақсаның суға кетуі" операциясын жариялады. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторында "Темір қылыштар" операциясын бастағанын хабарлады. Украинада Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты АҚШ-тың Украина Қарулы күштеріне әскери көмегі тоқтатылуы мүмкін деген қауіп пайда болды. Президент Владимир Зеленский бұған дейін мәлімдегендей, Киев Израильдегі соғыс жағдайына байланысты қаржы ресурстары мен қару-жарақ тапшылығы туындай ма деп қорқады.
Жаңалықтар
0