https://sputnik.kz/20231011/tolyqbaev-poyyzdar-zhayly-kenes-zamanynan-qalgan-vagondar-suyretilip-ali-zhur-39266401.html
Толықбаев пойыздар жайлы: кеңес заманынан қалған вагондар сүйретіліп әлі жүр
Толықбаев пойыздар жайлы: кеңес заманынан қалған вагондар сүйретіліп әлі жүр
Sputnik Қазақстан
Мәжілісменнің айтуынша, тарақандар жүретін пойыздардың өзіне билет табу қиын 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T11:32+0500
2023-10-11T11:32+0500
2023-10-11T11:32+0500
вагон
депутат
депутаттық сауал
https://sputnik.kz/img/656/97/6569763_0:46:1499:889_1920x0_80_0_0_fe785b9d4efd99764fc6bb7840e12495.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев теміржол саласын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутаттың айтуынша, бұрынғы басшылар 30 жылда теміржолды тек табыс көзіне ғана айналдырған. Ал сапа мүлде төмен."Кеңес заманынан қалған ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр, теміржол паркінің 60 пайызы тозған. Терезесі ашылмайтын, кондиционері қосылмайтын, қабырғасында тарақандар жүретін ескі вагондардың өзіне жаз кезінде билет таппайсың. Тапсаң, бағаның өзі қымбат. Сөйте тұра, билетті субсидиялауға жыл сайын миллиардтарды санап береміз. Пойыздың бір-екі сағатқа кешігуі біз үшін үйреншікті жәйт болып қалған", - деп ашынды Толықбаев.Осы орайда депутат көлік министрінен вагондар қашан жаңаратынын сұрады.Марат Қарабаевтың ақпаратынша, елімізде 2 567 вагон бар. Олардың тозу деңгейі – 49 пайыз."Биыл жаңа 50 вагон алдық. Қол қойылған келісімшарт аясында келесі жылы тағы 100 вагон болады. Қосымша 157 вагон алу келісімін пысықтап жатырмыз. Сонда биыл және алдағы жылда 304 жаңа вагон қосылады", - деді Қарабаев.Сондай-ақ 2025 жылдан бастап Еуропадағы ең заманауи Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу жоспарланған."Осылайша 2 567 вагонның үстіне 804-тен астам жаңа вагон алуға қазір қол қойылып жатыр. Тағы да қосымша вагон алу мәселесін әлі де пысықтаймыз", - деді көлік министрі.
https://sputnik.kz/20230330/qazaqstanda-vagondar-zhaydan-zhay-qulap-zhatqan-zhoq--uyymdasqan-qylmystyq-top-ustaldy-33421481.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/656/97/6569763_80:0:1413:1000_1920x0_80_0_0_20617909cd1355024307c2f2dff306eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вагон, депутат, депутаттық сауал
вагон, депутат, депутаттық сауал
Толықбаев пойыздар жайлы: кеңес заманынан қалған вагондар сүйретіліп әлі жүр
Мәжілісменнің айтуынша, тарақандар жүретін пойыздардың өзіне билет табу қиын
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев теміржол саласын сынға алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, бұрынғы басшылар 30 жылда теміржолды тек табыс көзіне ғана айналдырған. Ал сапа мүлде төмен.
"Кеңес заманынан қалған ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр, теміржол паркінің 60 пайызы тозған. Терезесі ашылмайтын, кондиционері қосылмайтын, қабырғасында тарақандар жүретін ескі вагондардың өзіне жаз кезінде билет таппайсың. Тапсаң, бағаның өзі қымбат. Сөйте тұра, билетті субсидиялауға жыл сайын миллиардтарды санап береміз. Пойыздың бір-екі сағатқа кешігуі біз үшін үйреншікті жәйт болып қалған", - деп ашынды Толықбаев.
Осы орайда депутат көлік министрінен вагондар қашан жаңаратынын сұрады.
Марат Қарабаевтың ақпаратынша, елімізде 2 567 вагон бар. Олардың тозу деңгейі – 49 пайыз.
"Биыл жаңа 50 вагон алдық. Қол қойылған келісімшарт аясында келесі жылы тағы 100 вагон болады. Қосымша 157 вагон алу келісімін пысықтап жатырмыз. Сонда биыл және алдағы жылда 304 жаңа вагон қосылады", - деді Қарабаев.
Сондай-ақ 2025 жылдан бастап Еуропадағы ең заманауи Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу жоспарланған.
"Осылайша 2 567 вагонның үстіне 804-тен астам жаңа вагон алуға қазір қол қойылып жатыр. Тағы да қосымша вагон алу мәселесін әлі де пысықтаймыз", - деді көлік министрі.