https://sputnik.kz/20231011/ridderdegi-zheo-kommunaldyq-menshikke-beriledi-39257326.html
Риддер жылу электр орталығы коммуналдық меншікке беріледі
Риддер жылу электр орталығы коммуналдық меншікке беріледі
Sputnik Қазақстан
ЖЭО-ның бұрынғы иелері оны жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағандықтан, станцияның техникалық жай-күйі әбден тозып бітуге айналған 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T08:36+0500
2023-10-11T08:36+0500
2023-10-11T08:45+0500
риддер
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38976773_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_da557336e96f0ee400c3d18d2a028349.jpg
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Отырыста Риддер қаласындағы ЖЭО мәселесі қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылдың қазан айынан бастап станцияда бірқатар апат орын алып, соның кесірінен қала тұрғындарын жылумен және электрмен жабдықтауда іркілістер болғанын еске салды.ЖЭО-ның бұрынғы иелері оны жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағандықтан, станцияның техникалық жай-күйі әбден тозып бітуге айналған.Биыл үкімет резервінен және облыс әкімдігінен бөлінген қаражат есебінен станцияның барлық 6 қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 3 қазандық бойынша іске қосу жұмыстары жүріп жатыр, тағы 3 қазандықты жөндеу жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.ЖЭО-ның жаңа меншік иесімен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша инвестор кәсіпорынның барлық қарызын өтеп, станцияны әкімдіктің коммуналдық меншігіне береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.Премьер-министр ЖЭО-ны жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін барлық қажетті ұйымдастару-құқықтық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар отырыста Ақмола облысы аудандарының бірінде электр желілеріне иелік ететін жекеменшік кәсіпорынның жұмысы қаралды. Компания 20 мыңнан астам адам тұратын 38 ауылдық елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ меншік иесі ұзақ жылдан бері электр желілерін жөндемеген, соның салдарынан үнемі апаттық жағдайлар туындап, тұтынушыларға іс жүзінде қызмет көрсетілмеген.Бүгінде электр желілерін пайдалану мен жөндеуді, сондай-ақ осы елді мекендердің тұрғындарын электрмен жабдықтауды табиғи монополияның басқа субъектісі уақытша жүзеге асырып жатыр.Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға істің мән-жайын анықтап, кәсіпорын жұмысына құқықтық баға беру, энергетикалық инфрақұрылымды жеке меншікке берудің заңдылығын тексеру және тиісті ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
https://sputnik.kz/20231006/smayylov-ridder-zheo-yn-tezdetip-kommunaldyq-menshikke-berudi-tapsyrdy-39116761.html
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38976773_167:0:1247:810_1920x0_80_0_0_3423a7f5330df19eab5afd20e47a3daa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, жылу электр орталығы
риддер, жылу электр орталығы
Риддер жылу электр орталығы коммуналдық меншікке беріледі
08:36 11.10.2023 (жаңартылды: 08:45 11.10.2023) ЖЭО-ның бұрынғы иелері оны жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағандықтан, станцияның техникалық жай-күйі әбден тозып бітуге айналған
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Отырыста Риддер қаласындағы ЖЭО мәселесі қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылдың қазан айынан бастап станцияда бірқатар апат орын алып, соның кесірінен қала тұрғындарын жылумен және электрмен жабдықтауда іркілістер болғанын еске салды.
ЖЭО-ның бұрынғы иелері оны жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағандықтан, станцияның техникалық жай-күйі әбден тозып бітуге айналған.
Биыл үкімет резервінен және облыс әкімдігінен бөлінген қаражат есебінен станцияның барлық 6 қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 3 қазандық бойынша іске қосу жұмыстары жүріп жатыр, тағы 3 қазандықты жөндеу жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
ЖЭО-ның жаңа меншік иесімен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша инвестор кәсіпорынның барлық қарызын өтеп, станцияны әкімдіктің коммуналдық меншігіне береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.
Премьер-министр ЖЭО-ны жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін барлық қажетті ұйымдастару-құқықтық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар отырыста Ақмола облысы аудандарының бірінде электр желілеріне иелік ететін жекеменшік кәсіпорынның жұмысы қаралды. Компания 20 мыңнан астам адам тұратын 38 ауылдық елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ меншік иесі ұзақ жылдан бері электр желілерін жөндемеген, соның салдарынан үнемі апаттық жағдайлар туындап, тұтынушыларға іс жүзінде қызмет көрсетілмеген.
Бүгінде электр желілерін пайдалану мен жөндеуді, сондай-ақ осы елді мекендердің тұрғындарын электрмен жабдықтауды табиғи монополияның басқа субъектісі уақытша жүзеге асырып жатыр.
Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға істің мән-жайын анықтап, кәсіпорын жұмысына құқықтық баға беру, энергетикалық инфрақұрылымды жеке меншікке берудің заңдылығын тексеру және тиісті ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.