https://sputnik.kz/20231011/munay-narygyn-turaqtandyru-ushin-opek-kush-biriktirui-kerek--putin-39291516.html
Мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК+ күш біріктіруі керек – Путин
Мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК+ күш біріктіруі керек – Путин
Sputnik Қазақстан
Ресей президенті мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК+ елдерінің күш-жігері қажет болатынын жоққа шығармайды 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T19:56+0500
2023-10-11T19:56+0500
2023-10-11T20:13+0500
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38543605_0:0:3009:1694_1920x0_80_0_0_bf6f8fae991368f0c2141b1fb95ec854.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК+ елдерінің күш-жігері қажет болатынын жоққа шығармайды."Сіздердің назарларыңызды технология саласындағы, кадрларды даярлау саласындағы (ОПЕК+ аясында – ред.) ынтымақтастыққа аударамын. Бұл өте маңызды. Мұның бәрі бізді біріктіреді. Келесі жылы нарықтарды тұрақтандыру үшін бірігіп жұмыс істеу қажеттігін жоққа шығармаймын. Бірақ әлемдік экономиканың қалай дамып жатқанын, қажеттіліктердің қандай болатынын қарастыру керек", - деді Путин сәрсенбіде өткен "Ресей энергетикалық апталығы" халықаралық форумының пленарлық отырысында.Оның айтуынша, қазір бұл қажеттіліктер мен өндіріс бірлескен шешімдердің арқасында теңдестірілген."Егер бұл шешімдер болмағанда, баға барреліне 50 доллардан төмен түсуі мүмкін еді. Ол инвестиция үшін ресурстардың жеткіліксіз болуына әкеп соқтырады. Ковидке дейінгі кезеңде инвестиция көлемі қазіргімен бірдей болды, содан кейін алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі еседен астам қысқарды. Жаһандық энергетикалық сектордағы барлық проблемаға осы жағдай себеп", - деп түйіндеді Ресей басшысы.11-13 қазан аралығында Мәскеуде Ресей энергетикалық апталығы өтіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38543605_278:0:3009:2048_1920x0_80_0_0_0c026e28a56b488b8302da63fe6ab74b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин
Мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК+ күш біріктіруі керек – Путин
19:56 11.10.2023 (жаңартылды: 20:13 11.10.2023) Ресей президенті мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК+ елдерінің күш-жігері қажет болатынын жоққа шығармайды
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК+ елдерінің күш-жігері қажет болатынын жоққа шығармайды.
"Сіздердің назарларыңызды технология саласындағы, кадрларды даярлау саласындағы (ОПЕК+ аясында – ред.) ынтымақтастыққа аударамын. Бұл өте маңызды. Мұның бәрі бізді біріктіреді. Келесі жылы нарықтарды тұрақтандыру үшін бірігіп жұмыс істеу қажеттігін жоққа шығармаймын. Бірақ әлемдік экономиканың қалай дамып жатқанын, қажеттіліктердің қандай болатынын қарастыру керек", - деді Путин сәрсенбіде өткен "Ресей энергетикалық апталығы" халықаралық форумының пленарлық отырысында.
Оның айтуынша, қазір бұл қажеттіліктер мен өндіріс бірлескен шешімдердің арқасында теңдестірілген.
"Егер бұл шешімдер болмағанда, баға барреліне 50 доллардан төмен түсуі мүмкін еді. Ол инвестиция үшін ресурстардың жеткіліксіз болуына әкеп соқтырады. Ковидке дейінгі кезеңде инвестиция көлемі қазіргімен бірдей болды, содан кейін алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі еседен астам қысқарды. Жаһандық энергетикалық сектордағы барлық проблемаға осы жағдай себеп", - деп түйіндеді Ресей басшысы.
11-13 қазан аралығында Мәскеуде Ресей энергетикалық апталығы өтіп жатыр.