https://sputnik.kz/20231011/mugalimge-gruziyaga-zholdama-apergen-aqtau-mektebinde-dau-shyqty-39280622.html
"Мұғалімге Грузияға жолдама әперген": Ақтау мектебінде дау шықты
"Мұғалімге Грузияға жолдама әперген": Ақтау мектебінде дау шықты
Sputnik Қазақстан
Ата-аналар өткен жылы мұғалімдер күніне сынып жетекшісіне Грузияға жолдама берілгенін қыста бір-ақ естіген 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T17:22+0500
2023-10-11T17:22+0500
2023-10-11T17:22+0500
грузия
мұғалімдер күні
https://sputnik.kz/img/07e4/08/07/14660896_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_0b12b8303f7c134380c0884ef150e9b2.jpg
АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Ақтаудағы №7 мектеп-лицейде білім алатын оқушылардың ата-аналары ақша жинау проблемасына шағымданды, деп хабарлады Lada.kz.Ақтау тұрғыны Анжелика Мельниктің баласы екінші сыныпта оқиды. Оның айтуынша, ата-аналар комитеті сынып жетекшісіне ақша жинап, Грузияға жолдама әперген.Ол ата-аналар комитетінің әрекетіне наразылық білдіремін деп, жағымсыз адамға айналып шыға келгенін атап өтті."Ал менің баламның бағасы күрт төмендеп кетті", - дейді Анжелика Мельник.Мұғалімнің Грузияға жолдама алғанын Шолпан есімді ата-ана растап отыр."Өткен жылы мұғалімдер күніне сынып жетекшісіне Грузияға жолдама берілді. Біз бұл туралы қыста ата-аналар комитеті ақшаның таусылғанын айтқан кезде ғана білдік. Бастапқыда сыныптың қажеттіліктеріне: су мен дәретхана қағазына тапсырамыз деп айтылды. Бірақ ешкіммен кеңеспей, мұғалімге қымбат сыйлық жасаған", - дейді ол.Шолпанның айтуынша, ол ақша беруден бас тартып, сынып жетекшісінен ата-аналар комитетін тыныштандыруды бірнеше рет сұраған.№7 мектеп-лицейінің директоры Гүлден Иманғалиева ешқандай ақша жиналмағанын және сыйлық ретінде мұғалім шетелге жолдама алмағанын айтады. Сынып жетекшісі де бұл ақпаратты жоққа шығарған.Ақтау білім бөлімі ата-аналар ешқандай қосымша шығынды төлеуге міндетті емесекенін айтты, өйткені Қазақстанда орта білім тегін беріледі және мектепте жарнажинауға қатаң тыйым салынады. Ведомство шетелге жолдамаға қатысты мәселені тексеріп жатқанын айтты.
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/07/14660896_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_79bc4150c69e15e3ffe27ea68e4b909a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грузия, мұғалімдер күні
"Мұғалімге Грузияға жолдама әперген": Ақтау мектебінде дау шықты
Ата-аналар өткен жылы мұғалімдер күніне сынып жетекшісіне Грузияға жолдама берілгенін қыста бір-ақ естіген
АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Ақтаудағы №7 мектеп-лицейде білім алатын оқушылардың ата-аналары ақша жинау проблемасына шағымданды, деп хабарлады
Lada.kz. Ақтау тұрғыны Анжелика Мельниктің баласы екінші сыныпта оқиды. Оның айтуынша, ата-аналар комитеті сынып жетекшісіне ақша жинап, Грузияға жолдама әперген.
"Мен ешқашан сыныпқа қажетті нәрсеге ақша беруден бас тартқан емеспін, бірақ бәрінің ақылға қонымды шегі бар. Өз сөзімді растау үшін ата-аналардың бірі былтыр біз жинаған ақшаға ешкімге ескертпестен сынып жетекшісіне Грузияға жолдама әпергенін айтқан дауыстық аудионы көрсете аламын", - дейді Анжелика Мельник.
Ол ата-аналар комитетінің әрекетіне наразылық білдіремін деп, жағымсыз адамға айналып шыға келгенін атап өтті.
"Ал менің баламның бағасы күрт төмендеп кетті", - дейді Анжелика Мельник.
Мұғалімнің Грузияға жолдама алғанын Шолпан есімді ата-ана растап отыр.
"Өткен жылы мұғалімдер күніне сынып жетекшісіне Грузияға жолдама берілді. Біз бұл туралы қыста ата-аналар комитеті ақшаның таусылғанын айтқан кезде ғана білдік. Бастапқыда сыныптың қажеттіліктеріне: су мен дәретхана қағазына тапсырамыз деп айтылды. Бірақ ешкіммен кеңеспей, мұғалімге қымбат сыйлық жасаған", - дейді ол.
Шолпанның айтуынша, ол ақша беруден бас тартып, сынып жетекшісінен ата-аналар комитетін тыныштандыруды бірнеше рет сұраған.
№7 мектеп-лицейінің директоры Гүлден Иманғалиева ешқандай ақша жиналмағанын және сыйлық ретінде мұғалім шетелге жолдама алмағанын айтады. Сынып жетекшісі де бұл ақпаратты жоққа шығарған.
"Мен мұғалімнің Грузияда демалыста болғанын білемін, бірақ ата-аналардың есебінен емес. Педагогикалық құраммен жүйелі түрде түсіндірме әңгімелер жүргіземін. Мұғалімдерге сыйлық қабылдауға тыйым салынғанын бәрі біледі", - деп түсіндірді Гүлден Иманғалиева.
Ақтау білім бөлімі ата-аналар ешқандай қосымша шығынды төлеуге міндетті емесекенін айтты, өйткені Қазақстанда орта білім тегін беріледі және мектепте жарнажинауға қатаң тыйым салынады. Ведомство шетелге жолдамаға қатысты мәселені тексеріп жатқанын айтты.