https://sputnik.kz/20231011/dinder-sezi-20-zhyl-ishinde-orkenietaralyq-dialog-alanyna-aynaldy--toqaev-39269083.html
Діндер съезі 20 жыл ішінде өркениетаралық диалог алаңына айналды – Тоқаев
Діндер съезі 20 жыл ішінде өркениетаралық диалог алаңына айналды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысушыларға үндеу жолдады 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T12:21+0500
2023-10-11T12:21+0500
2023-10-11T12:33+0500
қасым-жомарт тоқаев
әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0e/27587212_445:0:2628:1228_1920x0_80_0_0_6a6e42caf899272c450def1dcfb1cf78.jpg
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысының ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.Президент биыл алғашқы съездің шақырылғанына 20 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде форум өзінің өміршеңдігін дәлелдеді."Аз уақыт ішінде маңызды өркениетаралық диалог алаңына айналды. Форум дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзатқа ортақ түйткілдердің шешімін табуға және толеранттылықты дәріптеуге септігін тигізіп келеді", - деді мемлекет басшысы.Ол басқосу аясында әлемнің рухани көшбасшылары жаһан жұртын алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылап, бейбітшілікті сақтау және өзара құрмет пен сыйластықты насихаттау туралы ойларын ортаға салатынын айтты.Президент әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет екенін жеткізді.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дінаралық және өркениетаралық ынтымақтастыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін, оны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ұстанатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20231011/astanada-alemdik-zhane-dasturli-dinder-koshbasshylary-sezi-khatshylygynyn-otyrysy-otip-zhatyr-39265231.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0e/27587212_636:35:2327:1304_1920x0_80_0_0_5c6fd05b756b430f42575e475e0961b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі
қасым-жомарт тоқаев, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі
Діндер съезі 20 жыл ішінде өркениетаралық диалог алаңына айналды – Тоқаев
12:21 11.10.2023 (жаңартылды: 12:33 11.10.2023) Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысушыларға үндеу жолдады
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысының ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент биыл алғашқы съездің шақырылғанына 20 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде форум өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
"Аз уақыт ішінде маңызды өркениетаралық диалог алаңына айналды. Форум дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзатқа ортақ түйткілдердің шешімін табуға және толеранттылықты дәріптеуге септігін тигізіп келеді", - деді мемлекет басшысы.
Ол басқосу аясында әлемнің рухани көшбасшылары жаһан жұртын алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылап, бейбітшілікті сақтау және өзара құрмет пен сыйластықты насихаттау туралы ойларын ортаға салатынын айтты.
Президент әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дінаралық және өркениетаралық ынтымақтастыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін, оны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ұстанатынын атап өтті.