https://sputnik.kz/20231011/deputat-ushaqpen-ushuga-aleumettik-bilet-engizudi-usyndy--ministr-ne-oylaydy-39272272.html
Депутат ұшақпен ұшуға "әлеуметтік билет" енгізуді ұсынды – министр не ойлайды
Депутат ұшақпен ұшуға "әлеуметтік билет" енгізуді ұсынды – министр не ойлайды
Sputnik Қазақстан
Мәжілісмен Айдос Сарым кейбір қазақстандықтар үшін лоукостерлердің билеттеріне жеңілдік жасауды ұсынды 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T13:41+0500
2023-10-11T13:41+0500
2023-10-11T13:56+0500
ұшақ
билет
баға
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37194699_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_1051c2466fb979185e04ca09a676b6b7.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев депутаттың лоукостерлерге әлеуметтік билет енгізу ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым отандық әуе компанияларының билеттері тым қымбат екенін сынады. Бұған Air Astana компаниясының құрамындағы FlyArystan лоукостері айқын мысал бола алады. Ол әу баста FlyArystan билеттерді қолжетімді бағамен алу үшін құрылғанын еске салды. Ал іс жүзінде лоукостер ұшағына билет бағасы бас компанияның бағасымен теңеседі, тіпті кейде асып түседі.Мәжіліс кулуарында журналистер көлік министрінен ұшақпен ұшуға кейбір санаттар үшін әлеуметтік билет енгізу бастамасы туралы не ойлайтынын сұрады."Біз қарастырайық. Бірақ қазір ол мәселе талқыланып отырған жоқ. Оның түбі субсидияға келіп тіреледі. Ал қазір субсидия әуежайдың өзіне, мысалы екі жыл бұрын 2,5 млрд теңге болса, қазір 8 миллиард теңгеге дейін көбейіп отыр. Сондықтан бұл бюджетке артық қосымша жүк болады. Ал бюджет, өздеріңіз білесіздер, біздің салық төлеушілердің есебінен құралады", - деп жауап берді Марат Қарабаев.
https://sputnik.kz/20230605/qazaqstanda-auezhay-okilderi-tariftin-tomen-boluyna-shagymdandy-35651397.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37194699_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_05407f2a2d30604816e7187fe380d44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, билет, баға
Депутат ұшақпен ұшуға "әлеуметтік билет" енгізуді ұсынды – министр не ойлайды
13:41 11.10.2023 (жаңартылды: 13:56 11.10.2023) Мәжілісмен Айдос Сарым кейбір қазақстандықтар үшін лоукостерлердің билеттеріне жеңілдік жасауды ұсынды
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев депутаттың лоукостерлерге әлеуметтік билет енгізу ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым отандық әуе компанияларының билеттері тым қымбат екенін сынады. Бұған Air Astana компаниясының құрамындағы FlyArystan лоукостері айқын мысал бола алады. Ол әу баста FlyArystan билеттерді қолжетімді бағамен алу үшін құрылғанын еске салды. Ал іс жүзінде лоукостер ұшағына билет бағасы бас компанияның бағасымен теңеседі, тіпті кейде асып түседі.
"Бір ғана мысал. Кеше бір жиынға әріптестеріміз аяқ астынан билет сатып алып, 55 мың теңгеге ұшып барып келді. Мұндай баға деген масқара емес пе?! Мысалы Еуропа елдерінде студенттер бір елден екінші елге 15-18 долларға қатынайды. Бізде авиация саласы – ең көп мемлекеттік қолдау алып отырған сала. Осы лоукостер мәселесін көтеріп, әсіресе көпбалалы аналарға, жаз мезгілінде туристерге әлеуметтік билеттерді енгізу бойынша бөлек мемлекеттік бағдарлама немесе арнайы жоба ретінде дайындау мәселесін қарастыруды сұраймыз", - деді Сарым мәжіліс отырысында.
Мәжіліс кулуарында журналистер көлік министрінен ұшақпен ұшуға кейбір санаттар үшін әлеуметтік билет енгізу бастамасы туралы не ойлайтынын сұрады.
"Біз қарастырайық. Бірақ қазір ол мәселе талқыланып отырған жоқ. Оның түбі субсидияға келіп тіреледі. Ал қазір субсидия әуежайдың өзіне, мысалы екі жыл бұрын 2,5 млрд теңге болса, қазір 8 миллиард теңгеге дейін көбейіп отыр. Сондықтан бұл бюджетке артық қосымша жүк болады. Ал бюджет, өздеріңіз білесіздер, біздің салық төлеушілердің есебінен құралады", - деп жауап берді Марат Қарабаев.