https://sputnik.kz/20231011/deputat-energetika-ministrine-shuylikti-qysta-ekibastuz-apaty-qaytalanbay-ma-39265477.html
Депутат энергетика министріне шүйлікті: қыста "Екібастұз апаты" қайталанбай ма
Депутат энергетика министріне шүйлікті: қыста "Екібастұз апаты" қайталанбай ма
Sputnik Қазақстан
Депутаттың айтуынша, жылу беру маусымы басталмай жатып ЖЭО-ларда апат болып жатыр 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T11:12+0500
2023-10-11T11:12+0500
2023-10-11T11:29+0500
қр энергетика министрлігі
жылу
жарық
екібастұз
апат
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29882581_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_f90230528d6092c38f6c3d92da88e1b5.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров энергетика министрінен осы қыста өңірлерде "Екібастұз апаты" қайталанбай ма деп сұрады.Мәжілісменнің айтуынша, әріптестері жуырда Теміртаудағы ЖЭО мен Қарағандыдағы жылу желілерін барып көріп шыққан. Жұмсартып айтқанда, жағдай көңіл көншітпейді."АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-де жылу қазандықтары тозған. 4-ші қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін ұзартылған. 7-ші жаңа қазандықтың құрылысы келесі жылдың соңына дейін созылған. Теміртау ЖЭО-да төрт қазандықтың жабдығы келмеген, жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр. Жылу беру маусымына жоспардан кеш кіру қаупі бар. Жылыту маусымы әлі басталған жоқ, ал біз апаттарға куә болып отырмыз. Қарағанды ЖЭО-3-тегі апат бүкіл қаланы жарықсыз қалдырды", - дейді Сайыров.Ол осы қыста халық жылусыз қала ма деп алаңдайды."Осы қарқынмен қыста "Екібастұз апаты" қайталанбай ма? Сіз ЖЭО проблемасын саясиландыруға жол бердіңіз, алдағы жылу беру маусымында жеке жауапкершілігіңізді сезінесіз бе?" деп сұрады депутат энергетика министрінен.Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымы бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Барлығы 55 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген, оның 37,1 млрд теңгесі жылу-энергетика нысандарына бағытталған."Қарағанды энерготорабы бойынша белгілі бір проблемалар бар. Біз "АрселорМиттал Теміртау" ЖЭО-2-ні проблемалық нысанға жатқызамыз. Төрт қазандық, екі турбина жұмыс істеп тұр. Төртінші қазандық бойынша жұмыс кешігіп жатыр, 30 қарашада аяқталады деп күтілуде. Жалпы бұл жылу жүктемесіне қатты әсер етпейді. Осы ЖЭО бойынша жылу беру маусымы 30 қырүйекте басталды. Тұтынушылардың 80 пайызы қосылды", - деді Сәтқалиев.Министр кешігулерге байланысты проблемалар министрлік пен жергілікті атқарушы билік тарапынан бақыланатынын атап өтті."Иә, жеке жауапкершілігімді сезінемін. Барлық мәселе бойынша депутаттар алдында да, халық алдында да жауап беруге дайынбыз", - деді ведомство басшысы.
https://sputnik.kz/20230928/qaragandy-zhylu-ortalygynda-iri-apat-bolyp-qala-zharyqsyz-qaldy-38840859.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29882581_66:0:1203:853_1920x0_80_0_0_2aa6a7356f00bfa5e819377785a1ca04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр энергетика министрлігі, жылу, жарық, екібастұз, апат
қр энергетика министрлігі, жылу, жарық, екібастұз, апат
Депутат энергетика министріне шүйлікті: қыста "Екібастұз апаты" қайталанбай ма
11:12 11.10.2023 (жаңартылды: 11:29 11.10.2023) Депутаттың айтуынша, жылу беру маусымы басталмай жатып ЖЭО-ларда апат болып жатыр
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров энергетика министрінен осы қыста өңірлерде "Екібастұз апаты" қайталанбай ма деп сұрады.
Мәжілісменнің айтуынша, әріптестері жуырда Теміртаудағы ЖЭО мен Қарағандыдағы жылу желілерін барып көріп шыққан. Жұмсартып айтқанда, жағдай көңіл көншітпейді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-де жылу қазандықтары тозған. 4-ші қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін ұзартылған. 7-ші жаңа қазандықтың құрылысы келесі жылдың соңына дейін созылған. Теміртау ЖЭО-да төрт қазандықтың жабдығы келмеген, жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр. Жылу беру маусымына жоспардан кеш кіру қаупі бар. Жылыту маусымы әлі басталған жоқ, ал біз апаттарға куә болып отырмыз. Қарағанды ЖЭО-3-тегі апат бүкіл қаланы жарықсыз қалдырды", - дейді Сайыров.
Ол осы қыста халық жылусыз қала ма деп алаңдайды.
"Осы қарқынмен қыста "Екібастұз апаты" қайталанбай ма? Сіз ЖЭО проблемасын саясиландыруға жол бердіңіз, алдағы жылу беру маусымында жеке жауапкершілігіңізді сезінесіз бе?" деп сұрады депутат энергетика министрінен.
Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымы бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Барлығы 55 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген, оның 37,1 млрд теңгесі жылу-энергетика нысандарына бағытталған.
"Қарағанды энерготорабы бойынша белгілі бір проблемалар бар. Біз "АрселорМиттал Теміртау" ЖЭО-2-ні проблемалық нысанға жатқызамыз. Төрт қазандық, екі турбина жұмыс істеп тұр. Төртінші қазандық бойынша жұмыс кешігіп жатыр, 30 қарашада аяқталады деп күтілуде. Жалпы бұл жылу жүктемесіне қатты әсер етпейді. Осы ЖЭО бойынша жылу беру маусымы 30 қырүйекте басталды. Тұтынушылардың 80 пайызы қосылды", - деді Сәтқалиев.
Министр кешігулерге байланысты проблемалар министрлік пен жергілікті атқарушы билік тарапынан бақыланатынын атап өтті.
"Иә, жеке жауапкершілігімді сезінемін. Барлық мәселе бойынша депутаттар алдында да, халық алдында да жауап беруге дайынбыз", - деді ведомство басшысы.