https://sputnik.kz/20231011/bayqonyr-turgyny-politseyden-oshin-algany-ushin-eki-zhylga-sottaldy-39259143.html
Байқоңыр тұрғыны полицейден өшін алғаны үшін екі жылға сотталды
Байқоңыр тұрғыны полицейден өшін алғаны үшін екі жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
45 жастағы ер адам гарнизондық соттың ғимаратында тәртіп сақшысын жұдырықпен ұрған 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T09:24+0500
2023-10-11T09:24+0500
2023-10-11T09:26+0500
ұсақ бұзақылық
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602245_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_63a12607a10b88142429c334a4602183.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Байқоңырда қазақстандық соттың шешімімен жергілікті тұрғын полицейді ұрғаны үшін екі жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу материалдарына сәйкес, 45 жастағы ер адам ұсақ бұзақылық үшін ұсталған. Сол кезде Байқоңыр қаласындағы әскери гарнизондық сот оны әкімшілік қамауға алуға шешім шығарды. Бірақ ол судьяның үкімімен келіспеген.Жауапқа тартылған ер адам Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, оған қатысты қылмыстық іс Байқоңырдағы қазақстандық прокурорларға жіберілді. Соттың шешімімен полицейді ұрған ер адам Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) бойынша жауапқа тартылды. Бұзақы екі жылға бас бостандығынан айырылды.Айта кетері, осы бап бойынша бірнеше жаза қарастырылған. Атап айтқанда, 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602245_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_a43d6195a4f996fe43b5e090562b1d8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұсақ бұзақылық
Байқоңыр тұрғыны полицейден өшін алғаны үшін екі жылға сотталды
09:24 11.10.2023 (жаңартылды: 09:26 11.10.2023) 45 жастағы ер адам гарнизондық соттың ғимаратында тәртіп сақшысын жұдырықпен ұрған
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Байқоңырда қазақстандық соттың шешімімен жергілікті тұрғын полицейді ұрғаны үшін екі жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалдарына сәйкес, 45 жастағы ер адам ұсақ бұзақылық үшін ұсталған. Сол кезде Байқоңыр қаласындағы әскери гарнизондық сот оны әкімшілік қамауға алуға шешім шығарды. Бірақ ол судьяның үкімімен келіспеген.
"Сотталушы өзін алып жүрген полицейге қарсылық көрсетті. Ішкі істер органдарынан өшін аламын деп, тәртіп сақшысын бетінен ұрған", - дейді "Байқоңыр" кешенінің прокурорлары.
Жауапқа тартылған ер адам Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, оған қатысты қылмыстық іс Байқоңырдағы қазақстандық прокурорларға жіберілді. Соттың шешімімен полицейді ұрған ер адам Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) бойынша жауапқа тартылды. Бұзақы екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетері, осы бап бойынша бірнеше жаза қарастырылған. Атап айтқанда, 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.