АҚШ Израильге қолдау көрсете ме?

© Sputnik / Stringer / Медиабанкке өтуЖилой дом в Ашкелоне, пострадавший в результате обстрела группировкой ХАМАС
Жилой дом в Ашкелоне, пострадавший в результате обстрела группировкой ХАМАС - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Жазылу
ХАМАС қозғалысының Израильге шабуылы кезінде қару-жарақтың үлкен ассортименті көрсетілді – автоматтар мен жартылай автоматтар, гранатометтер, танкке қарсы зымыран кешендері және әртүрлі дрондар. Үш күнде Израильге бес мыңға жуық зымыран ұшырылды, деп жазды РИА Новости.
Дональд Трамптың ұлы палестиналықтардың автоматтары Таяу Шығыста жиі қолданылатын Калашников автоматтарына емес, америкалық M4 көбірек қаруына ұқсайтынына назар аударды. Республикалық партиядағы конгрессмен Марджори Тейлор Грин Пентагоннан ХАМАС өкілдерінің қолында америкалық қару-жарақ қайдан жүргенін шұғыл тексеруді талап етті.
"ХАМАС Израильге қарсы қолданған кез келген АҚШ қаруының сериялық нөмірлерін қадағалау үшін Израильмен жұмыс істеуіміз керек. Олар Ауғанстаннан жеткізілді ме? Украинадан келді ме? Екеуі де болуы мүмкін", - деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісінде.
Әрине, тергеу қажет. Бірақ бұл мәселеге қатысты ақиқат бүкіл әлем білетін құпия болып отыр. Ауғанстаннан шұғыл кеткен америкалықтар құны миллиардтаған доллар болатын қару-жарақты, оның ішінде танктер мен тікұшақтарды тастап кетті. 2021 жылдан бастап мұның барлығы аймақ көлемінде таратылды.
"Сол кезде де, арнайы әскери операция басталмас бұрын америкалықтар Украинаға бақылаусыз қару-жарақ жіберіп, сайып келгенде, заңсыз трансшекаралық қару-жарақ саудасының ең үлкен орталығын құрды. Қара теңіз арқылы Жерорта теңізіне баратын жол қысқа. Сондықтан қазір бұл қарулар Таяу Шығыста қолданылып жатыр", - деп жазылған материалда.
Мұның бәрін Израильдің өзі де жақсы түсінді және олар америкалық одақтастарымен осы алаңдаушылықтарымен бөлісті. Маусым айында аты-жөнін атамауды қалаған Израиль қорғаныс армиясының офицері Newsweek тілшілеріне сұхбат берді.
"Проукраинашыл жасақтар ашкөздікпен қару-жарақ контрабандасымен айналысуға кірісті. Біз бұл қарулардың барлығы "Хезболла" мен ХАМАС қолына түсуі мүмкін деп қатты алаңдаймыз", - деді израильдік әскери.
Мұның барлығы Байден әкімшілігі бірнеше ескертуге қарамастан, Таяу Шығыстағы өзінің бұрыннан келе жатқан одақтасының қауіпсіздігіне қатысты немқұрайлылық танытқанын білдіреді. Себебі, Газ секторына түрлі жолмен жеткен америкалық қарумен Израильдегі бейбіт тұрғындар, әйелдер мен балалар өлтіріліп жатыр.
Республикашылдар мұны сайлау алдындағы бәсекелестік кезінде өздері үшін ұтымды пайдалануғаа тырысып жатыр. Мерт болған қақтығыс құрбандарын саяси жарыста кәдеге жарату оларды жақсы жағынан сипаттап тұрмағаны да белгілі.
Демократтар ақталуға тырысып жатыр. Олар бірден Иранның қатысы бар деп, бар кінәні Ресейге артуға да әрекеттенді. Олардың айтуынша, ресейлік әскерилер украиналықтардан олжалаған қару-жарақты Тегеранға жөнелтіп жатыр, ал Тегеран ХАМАС жауынгерлеріне жеткізіп беруде.
Бірақ Иран палестиналық топқа ешқандай қолдау көрсетіп жатпағанын ресми түрде жариялады. Арнайы әскери операция белсенді жүріп жатқандықтан, қару-жарақ өздеріне керек болып отырған ресейліктер неге қаруды басқаларға беруі керек екені де түсініксіз. Осы орайда Дональд Трамп "АҚШ Израильге сатқындық жасады" деп ашық пікір білдірді.
Мақала авторы жазғандай, Еуропа қазіргі жағдайдан үлкен сабақ алуы керек. Себебі мұндай радикалды исламшылар, радикалды неофашистер, азаматтық қақтығысты қалайтын қылмыстық топтар жетерлік. Контрабандалық америкалық қару әп-сәтте Еуропаға жеткізілуі ықтимал.
Жаңалықтар
0