https://sputnik.kz/20231010/zhaqyn-arada-qazaqstanda-239-zhana-mamandyq-payda-boluy-mumkin-39209274.html
Жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін
Жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Осыған байланысты еңбек министрі болашақ кардларды бүгіннен бастап дайындай беру қажет деп санайды 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T12:04+0500
2023-10-10T12:04+0500
2023-10-10T12:04+0500
мамандықтар
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_ac12d8a3baf0ac575e4a26a37d3a3ef1.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадр даярлау туралы айттын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, цифрлық технологиялардың дамуына байланысты келешекте көптеген мамандық өзгеріске ұшырайды және жаңа дағдыларға қажеттілік туындайды. Мәселен, жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласына сәйкес, жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты бүгінгі күннен бастап болашақ кардларды алдын ала дайындай беру қажет.Министрдің айтуынша, Электронды еңбек биржасында маркетинг, сату, әкімшілендіру, ақпараттық технологиялар, көлік пен құрылыс салаларында кадрларға сұраныс жоғары."2030 жылға дейінгі перспективада экономиканың кадрлық қажеттілігі 1,8 млн қызметкерді құрайды. Оның 53%-і немесе 976 мыңы техникалық кәсіптік білімі бар мамандарға тиесілі", - деп атап өтті Жақыпова.Бүгінде елде жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығында (9,1 млн адамның 4,4 млн-ы) кәсіптік-техникалық білімі бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5ac4421eb3917ba22683856f3e85a34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мамандықтар, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
мамандықтар, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін
Осыған байланысты еңбек министрі болашақ кардларды бүгіннен бастап дайындай беру қажет деп санайды
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадр даярлау туралы айттын, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, цифрлық технологиялардың дамуына байланысты келешекте көптеген мамандық өзгеріске ұшырайды және жаңа дағдыларға қажеттілік туындайды. Мәселен, жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласына сәйкес, жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты бүгінгі күннен бастап болашақ кардларды алдын ала дайындай беру қажет.
"Білім беру жүйесінің еңбек нарығы сұранысымен өзара байланысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жұмысын жалғастырамыз. "Кәсіптік біліктілік туралы" заң қабылданды және тиісті цифрлық платформа іске қосылды. Бүгінде 623 кәсіптік стандарт қабылданды, олар 3 мыңға жуық кәсіпке қатысты жұмыс берушілердің талаптарын айқындайды. 2025 жылға дейін тағы 400 кәсіптік стандарт әзірленеді", – деді Жақыпова үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Электронды еңбек биржасында маркетинг, сату, әкімшілендіру, ақпараттық технологиялар, көлік пен құрылыс салаларында кадрларға сұраныс жоғары.
"2030 жылға дейінгі перспективада экономиканың кадрлық қажеттілігі 1,8 млн қызметкерді құрайды. Оның 53%-і немесе 976 мыңы техникалық кәсіптік білімі бар мамандарға тиесілі", - деп атап өтті Жақыпова.
Бүгінде елде жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығында (9,1 млн адамның 4,4 млн-ы) кәсіптік-техникалық білімі бар.