Тель-Авивтен Алматыға 124 қазақстандық ұшып шықты

© PhotoРепатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан
Репатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келіп қонады
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты.
© PhotoРепатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан
Репатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Репатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан

" Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124-і – ҚР азаматы және 42-сі – шетелдік азамат. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келіп қонады деп күтілуде", - делінген Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін Air Astana Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты 8 қазанға жоспарланған Алматыдан Тель-Авивке КС649 рейсінің орындалмайтынын хабарлаған болатын.
© PhotoРепатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан
Репатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Репатриационный рейс из Тель-Авива (Израиль) в Казахстан
Сыртқы істер министрлігі Тель-Авивтегі Бен Гурион атындағы әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қазіргі кезде кейбір әуе компаниялары Израильге ұшақтарды жібермеуге шешім қабылдады.
Тель Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы 08.00 кезінде Алматыдан ұшып шыққаны хабарланған болатын.
Air Astana выполняет вывозной рейс  из Тель-Авива в Алматы
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Израильдегі қазақстандықтарды алып қайтатын рейс Тель-Авивке ұшып кетті
Жаңалықтар
0