Сегіз жасар қарағандылық Тель-Авивтен Алматыға жалғыз ұшқан

© PhotoВосьмилетний карагандинец один возвращается из Тель-Авива в Алматы
Восьмилетний карагандинец один возвращается из Тель-Авива в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Репатриациялық ұшақ Алматыға сағат 00:15-те қонады
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Тель-Авивтен Алматыға ұшқан 160 жолаушысы бар ұшақтың бортында қарағандылық сегіз жасар Савелий бар. Баланың ересектуысы жоқ,жалғыз ұшып келе жатыр. Бұл туралы баланың анасы блогер Денис Денскиге айтты.
"Бүгін Тель-Авив-Алматы эвакуациялық рейсінде менің 8 жасар ұлым ұшуға тиіс. Ол жаққа бару қиын болды, өйткені орындар шектеулі. Таңғы 5-те олар менің баламды алып кететіндерін хабарлады. Күйеуім Израильде қалады, ұлымды Қазақстанға қайтардым. Болып жатқан жағдайға байланысты қатты қорқып жүрмін. "Air Astana" тасымалдаушы компаниясына және Қазақстанның Израильдегі елшілігіне зор алғысымды білдіремін", - деп жазды баланың анасы.
Ол сондай-ақ жұбайы Израильде қалып, ұлын қауіпсіздік мақсатында Қазақстанға жіберетінін айтты.
Кейбір жолаушылар әуежайға жете алмады, өйткені олар жолда жүруден қорықты, деп толықтырды ол.
"Ашкелоннан, Элаттан адамдар жете алмады. Жақсы ұшып, аман-есен жетсін деп дұға етеміз. Олар түн ортасында Алматыға ұшып жетеді", - деді ол.
Әуе борты Алматыға сағат 00:15-те ұшып келеді.
Бұған дейін Қазақстан СІМ 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шыққанын хабарлады.
Таяу Шығыстағы жағдайдың жаңа шиеленісі 7 қазанда Газа секторынан Израиль аумағына ХАМАС содырларының шабуылынан басталды. Соңғы ресми мәлімет бойынша қақтығыстар мен атыс салдарынан 800-ге жуық палестиналық қаза тапты, 4 мыңнан астамы жараланды. Сондай-ақ 900-ден астам израильдік қаза тапты, 2,6 мыңға жуығы жарақат алды.
Жаңалықтар
0