Щучье қаласындағы студент өлімі: Тоқаев ішкі істер министріне тапсырма берді

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуПоезд на Турксибе
Поезд на Турксибе - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
6 қазанға қараған түні Щучьедегі теміржол бойынан жас жігіттің мәйіті табылды
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
"Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанға қараған түні Щучьедегі теміржол бойынан Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылды.
Марқұмның аты-жөні – Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойынан табылған. Полиция ҚР ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу бастады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Қоғам
4-сынып оқушысы өзіне қол салмақ болған: арнайы жұмыс тобы құрылды
Жаңалықтар
0