https://sputnik.kz/20231010/qazaqstanda-inflyatsiya-zheti-ay-qatarynan-tomendep-keledi-39201709.html
Қазақстанда инфляция жеті ай қатарынан төмендеп келеді
Қазақстанда инфляция жеті ай қатарынан төмендеп келеді
Sputnik Қазақстан
Азық-түлік инфляциясы 11,4%-ке дейін төмендеген 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T09:57+0500
2023-10-10T09:57+0500
2023-10-10T09:57+0500
инфляция
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/706/78/7067845_0:0:3720:2092_1920x0_80_0_0_961e57d54350ee40a95f1039333454f5.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов елдегі жылдық инфляция туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, жылдық инфляция қазір 11,8%-ті құрайды."Жылдық инфляция жеті ай қатарынан төмендеп келеді. Оның бүгінгі деңгейі – 11,8%. Жылдық инфляция қатаң ақша-кредит саясаты жағдайы мен 2022 жылғы жоғары базаның аяқталуы, жаһандық инфляциялық қысым мен өндіріс шығындарының төмендеуі аясында баяулады", - деді Шолпанқұлов үкімет отырысында.Ол инфляция құрылымында барлық компоненттің өсу қарқыны баяулағанын атап өтті. Айлық инфляция да 0,6%-ке дейін бәсеңдеген. Алайда айлық инфляцияның өсу қарқыны әлі де орташа мәннен айтарлықтай жоғары болып тұр.Шолпанқұловтың айтуынша, азық-түлік инфляциясы 11,4%-ке дейін төмендеді.Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын инфляция да қыркүйекте баяулап, 12,1% мәнді көрсетті. Жеке пайдалануға арналған тауарлар, тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмек бағасының жылдық өсімі баяулап келеді. Қыркүйекте киім-кешек пен аяқ киім, дәрі-дәрмек пен қатты отынның бағасы өсті. Есесіне тұрмыстық бұйымдардың бағасы төмендегенін көрдік, дейді Шолпанқұлов.Айтуынша, ақылы қызметтер инфляциясы қыркүйекте 11,9%-ке дейін баяулаған. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсімі қыркүйекте – 0,4%-ке, жылдық мәнде – 13,6%-ке дейін баяулады.Реттелмейтін қызметтер бағасы өсу үрдісін сақтап қалды. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты білім беру қызметтерінде де баға тез өсті. Бұдан басқа, жалдау ақысының, көлік пен амбулаториялық қызметтердің құны да өсе түскені байқалды.
https://sputnik.kz/20231006/13-onirde-baga-osken-ukimet-unnyn-qymbattap-zhatqanyna-alandauly-39101326.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/706/78/7067845_0:0:3156:2367_1920x0_80_0_0_e10d397d1c0d1db2a99da4a549fd20a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, азық-түлік
Қазақстанда инфляция жеті ай қатарынан төмендеп келеді
Азық-түлік инфляциясы 11,4%-ке дейін төмендеген
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов елдегі жылдық инфляция туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, жылдық инфляция қазір 11,8%-ті құрайды.
"Жылдық инфляция жеті ай қатарынан төмендеп келеді. Оның бүгінгі деңгейі – 11,8%. Жылдық инфляция қатаң ақша-кредит саясаты жағдайы мен 2022 жылғы жоғары базаның аяқталуы, жаһандық инфляциялық қысым мен өндіріс шығындарының төмендеуі аясында баяулады", - деді Шолпанқұлов үкімет отырысында.
Ол инфляция құрылымында барлық компоненттің өсу қарқыны баяулағанын атап өтті. Айлық инфляция да 0,6%-ке дейін бәсеңдеген. Алайда айлық инфляцияның өсу қарқыны әлі де орташа мәннен айтарлықтай жоғары болып тұр.
Шолпанқұловтың айтуынша, азық-түлік инфляциясы 11,4%-ке дейін төмендеді.
"Себебі нан, жарма, сүт өнімдері, ет пен қант бағасының өсу қарқыны тежелді. Ауыл шаруашылығы саласында да тамақ өнімдерін өндірушілердің бағаны төмендеткені сезілді. Жеміс-жидек пен көкөніс маусымдық кезеңге байланысты арзандады. Бірақ оның арзандау қарқыны әдеттегіден төмен. Осылайша, азық-түлік тауарларының айлық инфляциясы өткен жылдармен салыстырғанда жоғары қалыптасып отыр", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын инфляция да қыркүйекте баяулап, 12,1% мәнді көрсетті. Жеке пайдалануға арналған тауарлар, тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмек бағасының жылдық өсімі баяулап келеді. Қыркүйекте киім-кешек пен аяқ киім, дәрі-дәрмек пен қатты отынның бағасы өсті. Есесіне тұрмыстық бұйымдардың бағасы төмендегенін көрдік, дейді Шолпанқұлов.
Айтуынша, ақылы қызметтер инфляциясы қыркүйекте 11,9%-ке дейін баяулаған. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсімі қыркүйекте – 0,4%-ке, жылдық мәнде – 13,6%-ке дейін баяулады.
Реттелмейтін қызметтер бағасы өсу үрдісін сақтап қалды. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты білім беру қызметтерінде де баға тез өсті. Бұдан басқа, жалдау ақысының, көлік пен амбулаториялық қызметтердің құны да өсе түскені байқалды.