Бруцеллез: Қостанай облысында бір ауыл карантинге жабылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Бұл зертханалық зерттеу кезінде расталған
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Бруцеллездің өршуіне байланысты Қостанай облысының ауылдарының бірінде карантин енгізілді, деп хабарлайды Қостанай облыстық ветеринария басқармасы.
Басқарма мамандарының айтуынша, Қарасу ауданы Жалғысқан ауылында ірі қара малды жоспарлы күзгі тексеру кезінде бір ауладан бірден жиырма бұзаудың қанынан бруцеллез анықталған. Бұл зертханалық зерттеу кезінде расталған. Бірнеше мүйізді ірі қарадан ПТР сынамалар алынған.

"Мал арнайы сою орындарына тапсырылды, ал кентте шектеулер енгізілді. Жалғысқан ауылының жеке секторында дезинфекция жүргізіледі және әр 15-20 күн сайын ірі қара малдан сынама алынып тұрады. Екі рет теріс нәтиже болған жағдайда барлық шектеулер алынып тасталады", - деді Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Күшүмбаева.

Жалпы 2023 жылы Қостанай облысында ауру малдарды арнайы сою орындарына тасымалдауға жергілікті бюджеттен 30 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.
"Бұл – біздің күнделікті атқарып отырған жұмысым. Жұмыс жоспарлы жасалғандықтан, дер кезінде мал ауруын анықтап отырмыз. Індеттің таралып кетпеуі үшін барлық шара қолданылады", - дейді Айнагүл Күшүмбаева.
Пастухи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Қарағанды облысында бруцеллез ауруы өршіп тұр: індетті 19 адам жұқтырған
Жаңалықтар
0