https://sputnik.kz/20231010/aao-reseylik-askeri-darigerler-qaqtygys-aumagynda-algash-ret-kurdeli-ota-zhasady-39227574.html
АӘО: ресейлік әскери дәрігерлер қақтығыс аумағында алғаш рет күрделі ота жасады
АӘО: ресейлік әскери дәрігерлер қақтығыс аумағында алғаш рет күрделі ота жасады
Sputnik Қазақстан
Операция бөлмесі босатылып, тазартылған бұрынғы қоймада жабдықталды 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T14:18+0500
2023-10-10T14:18+0500
2023-10-10T14:18+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39177692_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_4a74c9f2018370436db2df6ac1845690.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Оңтүстік әскери округінің медициналық батальонының әскери дәрігерлері Запорожье бағытындағы қақтығыс желісіне жақын маңда алғаш рет "ашық жүрекке" операция жасады, деп хабарлайды РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Хабарламада әскери дәрігерлер күрделілігі әртүрлі операцияларды, мысалы, аяқ-қолдың үлкен тамырларын протездеу сияқты операцияларды жасай алатыны атап өтілген. Дегенмен, медициналық батальон тарихында ашық жүрекке ота алғаш рет жасалды. Операция кезінде дәрігерлер оң жақ қарыншадағы жараны басып, тігіп берді.Медициналық пункте ең заманауи медициналық жабдықтар мен барлық қажетті дәрі-дәрмектер тізімі бар. Олар медицина мамандарына науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге және жарақаттар мен аурулар асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді.Украин әскері тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілерді қолдануды жалғастырып жатыр. Мұны медициналық орталыққа келген науқастардың бірнеше жарықшақтан болған жаралары дәлелдейді.Медициналық батальонның әскери дәрігерлерінің негізгі мақсаты – қан кетуді тоқтату, жарықшақ сынықтарын алып тастау және жараның жазылуына барлық жағдай жасау, содан кейін науқастарды одан әрі емдеу және оңалту үшін эвакуациялау.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39177692_308:0:3039:2048_1920x0_80_0_0_16df397cc5783374c80c3f83be08bd72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, дәрігер
АӘО: ресейлік әскери дәрігерлер қақтығыс аумағында алғаш рет күрделі ота жасады
Операция бөлмесі босатылып, тазартылған бұрынғы қоймада жабдықталды
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Оңтүстік әскери округінің медициналық батальонының әскери дәрігерлері Запорожье бағытындағы қақтығыс желісіне жақын маңда алғаш рет "ашық жүрекке" операция жасады, деп хабарлайды РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Хабарламада әскери дәрігерлер күрделілігі әртүрлі операцияларды, мысалы, аяқ-қолдың үлкен тамырларын протездеу сияқты операцияларды жасай алатыны атап өтілген. Дегенмен, медициналық батальон тарихында ашық жүрекке ота алғаш рет жасалды. Операция кезінде дәрігерлер оң жақ қарыншадағы жараны басып, тігіп берді.
"Қараусыз қалған қойманы босатып, тазалап, ресейлік әскер тобының медициналық батальонының әскери дәрігерлері оны арнайы әскери операцияның Запорожье бағытының қақтығыс желісіне жақын орналасқан заманауи операциялық бөлмеге айналдырды", - делінген хабарламада.
Медициналық пункте ең заманауи медициналық жабдықтар мен барлық қажетті дәрі-дәрмектер тізімі бар. Олар медицина мамандарына науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге және жарақаттар мен аурулар асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Украин әскері тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілерді қолдануды жалғастырып жатыр. Мұны медициналық орталыққа келген науқастардың бірнеше жарықшақтан болған жаралары дәлелдейді.
Медициналық батальонның әскери дәрігерлерінің негізгі мақсаты – қан кетуді тоқтату, жарықшақ сынықтарын алып тастау және жараның жазылуына барлық жағдай жасау, содан кейін науқастарды одан әрі емдеу және оңалту үшін эвакуациялау.