Түркиялық компания Қазақстандағы бірқатар жобаға инвестиция салуға ниетті

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Eren Holding рассмотрит потенциальные проекты для инвестирования в Казахстан
Eren Holding рассмотрит потенциальные проекты для инвестирования в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Eren Holding басшысы Ахмет Ерен Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов үкімет аталған холдингтің республика аумағындағы жобаларға инвестиция салу ниетін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика сияқты салаларда жобалар іске қосылды.
"Екі ел арасындағы қалыптасқан орнықты сенім деңгейі мен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс бізге жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік береді", — деді премьер-министр.
Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және заманауи институционалдық орта қалыптасқан. Атап айтқанда, басым салалардағы жобаларды жүзеге асыру аясында кедендік төлемдерден босату, түрлі салық жеңілдіктері, салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктер және т.б. қарастырылған.
Өз кезегінде Ахмет Ерен тиісті инвестициялық шешімдер қабылдау үшін холдингтің Қазақстанда әлеуетті жобаларды зерделеуге дайын екенін айтты.
"Біз өндірісті кеңейтеміз және инвестициялық жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Бұл қағаз өндірісі, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салалар болуы мүмкін. Біз тау-кен металлургия кешеніне де инвестиция салуға дайынбыз. Бұл ретте, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялар бар. Сондықтан инвестиция мәселелерін бірлесіп қарастырғымыз келеді", — деді Eren Holding басшысы.
Кездесу нәтижесінде Қазақстан аумағында әлеуетті инвестициялық жобалар пулын пысықтау және барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді диалогты қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.
Түркия мен Қазақстанның тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2023
Түркия мен Қазақстан кедендік бақылауды жеңілдетеді – Тоқаев заңға қол қойды
Жаңалықтар
0