https://sputnik.kz/20231009/qyrgyzstanda-uqshu-nyn-myzgymas-bauyrlastyq-2023-askeri-oqu-zhattyguy-bastaldy-39161392.html
Қырғызстанда ҰҚШҰ әскери оқу-жаттығулары басталды
Қырғызстанда ҰҚШҰ әскери оқу-жаттығулары басталды
Sputnik Қазақстан
Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады 09.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-09T09:16+0500
2023-10-09T09:16+0500
2023-10-09T11:51+0500
ұқшұ
қырғызстан
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39158121_0:40:1024:616_1920x0_80_0_0_e1e41516f6d748ac6f221acc740ee11f.jpg
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауындағы "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығы полигонында ҰҚШҰ елдерінің "Мызғымас бауырластық-2023" әскери жаттығуы басталады, деп хабарлайды Қырғыз Республикасының қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері полигонға жиналды. Бірлескен оқу-жаттығуға ҰҚШҰ біріккен штабының және хатшылығының жедел топтары да қатысады.Оқу-жаттығудың тақырыбы – ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің бітімгершілік операциясын дайындау және өткізу.Қырғызстанның әскери ведомствосы атап өткендей, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік аймағында бейбітшілікті сақтау операциясы кезінде ҰҚШҰ басқару органдарының лауазымды тұлғалары мен бітімгерлік бөлімшелері жеке құрамының тәжірибелік дағдыларын жетілдіру."Таулы аймақтарда оқу-жаттығу кезінде дағдарыс аймағындағы жанжалдан кейінгі реттеу міндеттері – ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, бітімгершілік операциясын жүргізу және гуманитарлық көмек көрсету пысықталады", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.ҰҚШҰ елдерінің әскерилері іс жүзінде төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлігінің бөлімшелерімен бақылау-өткізу пункттерінде және зардап шеккендерді қабылдау пункттерінде, колонналар мен жүктерді алып жүру кезінде, елді мекендерді азат ету, "кепілге алынғандарды" құтқару және гуманитарлық көмек көрсету кезінде жауынгерлік даярлық міндеттерді бірлесіп орындайды, деп атап өтті ведомство.
https://sputnik.kz/20231007/uqshu-oqu-zhattygulary-qyrgyzstanda-zhalgasady-39131854.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39158121_60:0:969:682_1920x0_80_0_0_a2e9a460a134ded6197ca9c3a0059f66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, қырғызстан, оқу-жаттығулар
ұқшұ, қырғызстан, оқу-жаттығулар
Қырғызстанда ҰҚШҰ әскери оқу-жаттығулары басталды
09:16 09.10.2023 (жаңартылды: 11:51 09.10.2023) Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауындағы "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығы полигонында ҰҚШҰ елдерінің "Мызғымас бауырластық-2023" әскери жаттығуы басталады, деп хабарлайды Қырғыз Республикасының қорғаныс министрлігінің
баспасөз қызметі.
"9-13 қазан аралығында Қырғызстан қорғаныс министрлігіне қарасты 20636 әскери бөлімінің "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2023" бірлескен оқу-жаттығуы өтеді", - делінген ведомство хабарламасаында.
Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері полигонға жиналды. Бірлескен оқу-жаттығуға ҰҚШҰ біріккен штабының және хатшылығының жедел топтары да қатысады.
Оқу-жаттығудың тақырыбы – ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің бітімгершілік операциясын дайындау және өткізу.
Қырғызстанның әскери ведомствосы атап өткендей, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік аймағында бейбітшілікті сақтау операциясы кезінде ҰҚШҰ басқару органдарының лауазымды тұлғалары мен бітімгерлік бөлімшелері жеке құрамының тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
"Таулы аймақтарда оқу-жаттығу кезінде дағдарыс аймағындағы жанжалдан кейінгі реттеу міндеттері – ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, бітімгершілік операциясын жүргізу және гуманитарлық көмек көрсету пысықталады", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
ҰҚШҰ елдерінің әскерилері іс жүзінде төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлігінің бөлімшелерімен бақылау-өткізу пункттерінде және зардап шеккендерді қабылдау пункттерінде, колонналар мен жүктерді алып жүру кезінде, елді мекендерді азат ету, "кепілге алынғандарды" құтқару және гуманитарлық көмек көрсету кезінде жауынгерлік даярлық міндеттерді бірлесіп орындайды, деп атап өтті ведомство.