"Қазақстан теміржолының" еншілес компаниясы 700-ден аса адамға заңсыз сыйақы аударған

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 қазан - Sputnik. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептелген, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.
"Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған", - дейді Дархан Дүйсембай.
Қазіргі кезде заңсыз төлемдер қайтарылып жатыр. Аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0