https://sputnik.kz/20231009/qazaqstan-men-chekhiya-kasipkerleri-yntymaqtastyq-ornatuga-kelisti-39193751.html
Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері ынтымақтастық орнатуға келісті
Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері ынтымақтастық орнатуға келісті
Sputnik Қазақстан
Бизнес форумға 120-дан астам қазақстандық және чехиялық кәсіпкерлер қатысты 09.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-09T19:17+0500
2023-10-09T19:17+0500
2023-10-09T19:17+0500
чехия
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_96e754534eb905ca796bd5fe0e6a5ae1.jpg
АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. Көкшетауда 120-дан астам чех және қазақстандық бизнес өкілдері бірлескен форумға қатысты, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Халықаралық кездесу елдер арасындағы экономикалық, сауда және дипломатиялық қатынастарды нығайтуға бағытталған.Ұйымдастырушылары – Ақмола облысының әкімдігі, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ және Чехияның Астанадағы елшілігі.Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, экономикалық және сауда байланыстарын дамытуға мүдделілік білдірді.Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Ақмола облысына ресми сапармен Чехия ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный және Чехияның ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Павол Шепеляк қатысты.Форум жұмысының қорытындысы бойынша инвестициялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, тамақ өнеркәсібі, сақтандыру және сауда бағыттары негізінде b2b форматында кездесулер өтті.Айта кетері, Ақмола облысы мен Чехия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 17 млн АҚШ доллары болды.
чехия
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_103:0:1178:806_1920x0_80_0_0_6a2602943d93063bdccca18651d7ba59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
чехия, қазақстан
Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері ынтымақтастық орнатуға келісті
Бизнес форумға 120-дан астам қазақстандық және чехиялық кәсіпкерлер қатысты
АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. Көкшетауда 120-дан астам чех және қазақстандық бизнес өкілдері бірлескен форумға қатысты, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Халықаралық кездесу елдер арасындағы экономикалық, сауда және дипломатиялық қатынастарды нығайтуға бағытталған.
Ұйымдастырушылары – Ақмола облысының әкімдігі, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ және Чехияның Астанадағы елшілігі.
Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, экономикалық және сауда байланыстарын дамытуға мүдделілік білдірді.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Ақмола облысына ресми сапармен Чехия ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный және Чехияның ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Павол Шепеляк қатысты.
Форум жұмысының қорытындысы бойынша инвестициялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, тамақ өнеркәсібі, сақтандыру және сауда бағыттары негізінде b2b форматында кездесулер өтті.
Айта кетері, Ақмола облысы мен Чехия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 17 млн АҚШ доллары болды.