Израильдегі қазақстандықтарды алып қайту үшін Алматыдан Тель-Авивке ұшақ шығады

© Sputnik / 59travel.ru / Медиабанкке өтуТель-Авив - рекадр
Тель-Авив - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша рейс орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлайды.
Комитеттің хабарлауынша, рейс 10 қазанда Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша орындалады.
Алматы қаласынан ұшу сағат 8:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.
"Эйр Астана" әуе компаниясының ақпараты бойынша, Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан рейстің қону және ұшу уақытының бекітілуі күтіліп отыр.
Барлық сұрақтар бойынша әуе компаниясының help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).
Герб, Министерство иностранных дел РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Министрлік Израильде қанша қазақстандық жүргенін айтты
Жаңалықтар
0