https://sputnik.kz/20231009/deputat-meditsinalyq-qyzmetterge-engizilgen-shektik-shkalany-alyp-tastaudy-usyndy-39165874.html
Депутат медициналық қызметтерге енгізілген "шектік" шкаланы алып тастауды ұсынды
Депутат медициналық қызметтерге енгізілген "шектік" шкаланы алып тастауды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс депутаттарының айтуынша, "шектік" шкаланың кесірінен мыңдаған адам уақытылы медициналық қызмет ала алмай жүр 09.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-09T10:52+0500
2023-10-09T10:52+0500
2023-10-09T10:52+0500
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757753_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_1518db08165c61aeba36e6d9a860e9e3.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат биыл ақпан айынан бастап барлық медициналық қызметке "шектік" шкала енгізілгенін еске салды. "Шектік" шкала деген – əр медициналық қызмет түрі бойынша əр емханаға нақты белгіленген квота тəрізді механизм.Аймағамбетовтің айтуынша, бұл əдіс қаржының жетіспеуіне байланысты енгізілді. Дайындықсыз қабылданған шешімнің кесірінен мыңдаған адам уақытылы қызмет ала алмай қалған.Аймағамбетов "шектік" шкала азаматтардың бейінді мамандарға көрінуіне де қиындық тудырып отырғанын атап өтті."Ауруханаға келген науқасқа "шектік" шкала аясында осы айда ақша таусылды деп, келесі айларды күту керек деп түсіндіреді. Соның салдарынан халық тарапынан шағым көп түседі. Науқастар бір ай терапевті күтеді, кейін тағы бір ай бейін бойынша дəрігерді, одан кейін тағы да терапевтке жазылып оны тағы да күтуге мəжбүр. Сөйтіп жүріп өз қалталарынан төлеп емделеді", - дейді ол.Осыған байланысты бірінші кезеңде "шектік" шкаланы жетілдіріп, мекемелерге өз бюджеті аясында қаражатын жылжыту мүмкіндігін беру керек, деп толықтырды депутат."Одан кейін цифрландыруды жолға қойып, тіпті "шектік" шкаланы алып тастау керек деп санаймыз. Ең қолайлысы – кезең-кезеңмен жартылай "фондодержание" тетігіне келу мүмкіндігін қарастыру керек", деді Аймағамбетов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757753_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_1b803b0b7d090f29ce582eeac654c383.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, асхат аймағамбетов
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, асхат аймағамбетов
Депутат медициналық қызметтерге енгізілген "шектік" шкаланы алып тастауды ұсынды
Мәжіліс депутаттарының айтуынша, "шектік" шкаланың кесірінен мыңдаған адам уақытылы медициналық қызмет ала алмай жүр
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларға тоқталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат биыл ақпан айынан бастап барлық медициналық қызметке "шектік" шкала енгізілгенін еске салды. "Шектік" шкала деген – əр медициналық қызмет түрі бойынша əр емханаға нақты белгіленген квота тəрізді механизм.
Аймағамбетовтің айтуынша, бұл əдіс қаржының жетіспеуіне байланысты енгізілді. Дайындықсыз қабылданған шешімнің кесірінен мыңдаған адам уақытылы қызмет ала алмай қалған.
"Нақты мысал. Осы "шектік" шкала шұғыл медициналық көмекке де қолданылып жүр. Ауруханалар травматологияға жедел түскен науқастарды тек қана бекітілген квотаға сəйкес алуы керек. Ал егер мұндай науқастар көп болса, бекітілген "шектік" шкаладан көп түскендер үшін ауруханаларға қаражат төленбейді. Осылайша шұғыл көмек көрсетуге лимит қойылған. Бұл деген нонсенс! Адам қолын, не аяғын қашан сындырып алатынын, кімде инфаркт болатынын, кім уланып қалатынын алдын ала қалай болжай алады?", - деп ашуланды депутат мәжілісте "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытудың проблемалары мен перспективалары" туралы өтіп жатқан үкімет сағатында.
Аймағамбетов "шектік" шкала азаматтардың бейінді мамандарға көрінуіне де қиындық тудырып отырғанын атап өтті.
"Ауруханаға келген науқасқа "шектік" шкала аясында осы айда ақша таусылды деп, келесі айларды күту керек деп түсіндіреді. Соның салдарынан халық тарапынан шағым көп түседі. Науқастар бір ай терапевті күтеді, кейін тағы бір ай бейін бойынша дəрігерді, одан кейін тағы да терапевтке жазылып оны тағы да күтуге мəжбүр. Сөйтіп жүріп өз қалталарынан төлеп емделеді", - дейді ол.
Осыған байланысты бірінші кезеңде "шектік" шкаланы жетілдіріп, мекемелерге өз бюджеті аясында қаражатын жылжыту мүмкіндігін беру керек, деп толықтырды депутат.
"Одан кейін цифрландыруды жолға қойып, тіпті "шектік" шкаланы алып тастау керек деп санаймыз. Ең қолайлысы – кезең-кезеңмен жартылай "фондодержание" тетігіне келу мүмкіндігін қарастыру керек", деді Аймағамбетов.