Алматыда қарақұмық жармасы 41, күнбағыс майы 24 процентке арзандаған
© Sputnik / Тимур БатыршинНа базарах и в магазинах у дома можно купить только фасованные продукты
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жазылу
"Магнум" сауда желісінде осы көктемде Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен сатып алынған 20 мың тонна көкөніс сатылады
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді: қарақұмық жармасы (41,7%), күнбағыс майы (24,1%), қант (12,1%), картоп (8,9%), пияз (4,5%), ұн (2%).
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада "Форвардтық сатып алу" бойынша көкөністер, жұмыртқа, сиыр еті және әлеуметтік нан жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.
Биыл 1 қыркүйектен бастап "Магнум" сауда желісінде осы көктемде Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен сатып алынған 20 мың тонна көкөніс сатылады.

"Бұған қоса, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Мысалы, Жамбыл облысының фермерлерімен 1 мың тонна пияз жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды", - деп жазылған хабарламада.
"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ қорларынан нан бағасын тұрақтандыру үшін қаланың негізгі ұн тарту кәсіпорындарына 9,4 мың тонна астық жеткізу пысықталды.
Қаланың сауда желілерінде белгіленген, төмендетілген бағамен "Көксу қант зауытында" сатып алынған 3 мың тонна қант және Қызылорда облысынан өндірушілерден сатып алынған 1 мың тонна күріш сатылады.