Алматы облысында "Жылдың үздік мұғалімі" көлік мінді

Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
"Жылдың үздік мұғалімі" байқауына әр өңірден келген 17 кәсіби білікті маман қатысты
АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. Алматы облысында "Жылдың үздік мұғалімі" анықталды, деп хабарлады Almaty.tv.
"Мұғалімдер облыстық байқауда екі күн сабақ береді. Облыстық комиссия мүшелері олардың сабағына қатысып, талдау жасады. Республикалық байқаудағы жетістіктері мен еңбегінің нәтижесі ескеріліп, үздіктер анықталды", – дейді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева.
Сайыста жүлделі бірінші орынды Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейінің математика пәні мұғалімі Айтқажы Тақылбек жеңіп, темір тұлпардың иесі атанды.
"Жыл сайын тәжірибелі, озық мұғалімдер, ұлағатты ұстаздар осы байқауға қатысуға асығады, олар тәжірибе алмасады. Менің де байқауға қатысу арманым болған", – деді "Жылдың үздік мұғалімі – 2023" байқауының жеңімпазы Айтқажы Тақылбек.
Өңірде бүгінгі таңда 35 мыңнан астам педагог қызмет етеді. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен мұғалімдердің біліктілігін арттырып, білім беруді дамытуға бөлінетін қаражат артып келеді. 2023 жылы осы бағытқа 394 млрд теңге бөлініпті. Бұл облыстық бюджеттің 45 пайызын құрайды.
Жаңалықтар
0