Air Astana Тель-Авивтен Алматыға арнайы рейс орындауды жоспарлап отыр

 Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Рейске кез келген күнге авиабилеті бар жолаушылар қабылданады
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы қазақстандықтарды елге қауіпсіз жеткізу мақсатында Тель-Авив әуежайымен келісім жасап жатыр, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Тель-Авивтен Алматыға рейс 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де ұшады деп жоспарлануда.
"Рейске кез келген күнге авиабилеті бар жолаушылар қабылданады. Бір жолаушыға 8 кг-ға дейін бір қол жүгі және 20 кг-ға дейін бір тексерілген жолжүк рұқсат етіледі", - деп жазылған хабарламада.
Авиабилеттері жоқ қазақстандықтар Қазақстан елшілігі арқылы арнайы тариф бойынша сатып ала алады. Жолаушылар тізімін Қазақстанның Израильдегі елшілігі де телефон арқылы жасайды: +972 (3) 741 78 05, +972 55 273 3813, +7 700 111 31 96.
Жолаушылар Тель-Авив әуежайына ұшудан бес сағат бұрын келуі керек.
Ведомство жолаушылардан әуежайға барған кезде жоғары қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.
Отанына ұшқысы келетін Израиль азаматтары ертеңгі рейсті Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша пайдалана алады. Рейс Алматы уақыты бойынша 10 қазан сағат 08.00-ге жоспарланған. Жолаушылар тізімін Израильдің Қазақстандағы елшілігі жасайды: +77171703405, +77172703407, +77172703423.
Израильдегі жағдай шиеленіскен жағдайда рейстер тоқтатылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0