Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АӘО: ресейлік артиллерия екі бағытта украиналық бекіністерді талқандады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуРабота артиллерийских расчетов РСЗО БМ-21 "Град" ЦВО на Краснолиманском направлении в ЛНР
Работа артиллерийских расчетов РСЗО БМ-21 Град ЦВО на Краснолиманском направлении в ЛНР - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Бірнеше жаппай оқу ату жүйесі мен оқпанды артиллерия қолданылды
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Арнайы әскери операция жүргізу аймағында ресейлік әскердің зеңбірекшілері Купянск және Краснолиманск бағытында қарсы тараптың бекіністерін жойды, деп хабарлайды РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Арнайы әскери операцияның Купянск бағытында Батыс әскер тобының барлау қызметі жеке құрам мен атыс күші бар жасырылған украиналық бекіністі анықтады. Оны жою үшін "Ураган" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесінің тобын пайдалану туралы шешім қабылданды.
Паналайтын орыннан шыққан ресейлік артиллеристер белгіленген аумаққа дер кезінде жетіп, 220 миллиметрлі снарядтарды ұшырды. Атысты реттеу пилотсыз ұшатын аппараттардың көмегімен жүзеге асырылды. Жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін артиллеристер позицияларын тез ауыстырды.
220 миллиметрлік "Ураган" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесі қарсыластың адам күші мен техникасын жоюға, сондай-ақ тактикалық тереңдікте аумақты қашықтықтан миналауға арналған.
Краснолиманск бағытында Орталық әскери округінің 2А65 "Мста-Б" сүйретілетін 152 миллиметрлік гаубицасының есебімен жау бекінісі жойылды.
"Мста-Б" гаубицаларының есептері 30 километрге дейінгі қашықтықта жоспарланған және жоспарланбаған нысаналарды жойып, барлық бағыттағы мотоатқыштар бөлімшелерінің іс-қимылдарына атыспен қорғанысты қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
0