Қазақстан құрамасы Азия ойындарын аяқтады

© Photo : Пресс-служба министерства туризма и спорта КазахстанаКөркем жүзуден әйелдер құрамасы
Көркем жүзуден әйелдер құрамасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Жазылу
Қазақстан спортшылары медальдық есепте ТОП-10 команданың қатарына кірмегенмен, жүлде саны бойынша Өзбекстанды басып озып, Үндістаннан сәл ғана қалып қойды
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан құрамасы Ханчжоудағы Азия ойындарын аяқтап, медальдық есепте он бірінші орынды иеленді.
Команда қоржынында 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль бар.
Азия ойындарының соңғы күнінде отандастарымыз екі медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында каратэден Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта екінші нәтиже көрсетті. Ол финалда тайпейлік Шуанг Гудан жеңіліп қалды.
Молдир Жанбырбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Мөлдір Жаңбырбай
26 жастағы жерлесіміз бұған дейін 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында 9-орын алған болатын.
Көркем жүзуден әйелдер құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Олар 663,7417 ұпай жинады.
Ел намысын Жаклин Якимова, Этери Какутия, Арина Пушкина, Анна Павлецова, Ясмин Тұяқова, Әйгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Жәния Жиенғазы, Арина Мясникова, Ксения Макарова қорғады, деп атап өтті Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі.
Жаңалықтар
0