Қазақстан елшілігі Израильде жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Жазылу
Израильге Газа секторынан зымыраннан ондаған соққы жасалды
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанның елшілігі Израильде жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
"Қауіпсіздік жағдайының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі Қазақстанның барлық азаматына (әсіресе елдің оңтүстігінде орналасқан) тыл қолбасшылығының нұсқауларын орындауға, қауіпсіз жерде отырып, ресми билік хабарлағанға дейін сонда қалуға кеңес береді", - делінген ведомство хабарламасында.
Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігінің сенім телефоны да жарияланды:
+972 (3) 741 78 05 (кезекші)
+972 55 273 38 13 (мобильді whatsapp)
+7 700 111 31 96 (whatsapp)
Еске сала кетейік, Израильге Газа секторынан зымыраннан ондаған соққы жасалды. Шекаралас аудандарға содырлар басып кірген. Израиль армиясы соғысқа дайындық режимі туралы жариялады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Қоғам
Air Astana Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатты
Жаңалықтар
0