Екібастұздағы 10 қазандықтың бесеуі жылу беру маусымына толық дайын

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевАсайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді
Асайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Жазылу
Павлодар облысының әкімі қалада жылу беру маусымының қалай басталғанын тексерді
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Павлодар облысы әкімінің Асайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Екібастұз ЖЭО-дағы 10 қазандық агрегаттың 5-і жұмысқа толық дайын. Бүгінгі таңда олардың 2-і жұмыс істеп тұрса, 3-і резервте, олар сыртқы ауа температурасы нөлден төмен түскен кезде қосылады. Қалған 5 қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевАсайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді
Аким Павлодарской области Асаин Байханов проинспектировал ТЭЦ Экибастуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Асайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді
4 жаңа жылу магистралі толығымен қайтадан жаңартылды, оларды жуу және пресстеу жүргізілді. Желілердің бәрі толықтай іске қосылды.
690 көпқабатты тұрғын үйдің 395-і жылумен қамтамасыз етілген. Барлық көпқабатты үйді іске қосу 10 қазанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Бүгіннен бастап жеке секторды жылуға қосу кезең-кезеңімен басталады.
Бүгінгі таңда ыстық сумен жабдықтау 524 көпқабатты үйде бар, қалған 166 көпқабатты тұрғын үйлерді толықтай ыстық сумен қамтамасыз ету 9 қазанға дейін жоспарланған.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевАсайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді
Аким Павлодарской области Асаин Байханов проинспектировал ТЭЦ Экибастуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Асайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді
Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік нысандарды аралап, жылу параметрлерін тексерді. Мысалы, № 26 мектепте бүгінгі күні 27 градус температура қамтамасыз етілген. Екібастұздың 90 әлеуметтік нысанының 79-ы жылумен қамтуға қосылған. Қалған 11 нысанды 10 қазанға дейін қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ аймақ басшысы қаланың әртүрлі аудандарында жылу беру сапасымен танысу үшін бірнеше үйдің тұрғындарымен кездесті. Екібастұздың барлық проблемалы үйлері бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Басты мәселе бұл үйлерге қызмет көрсететін ұйымның болмауында. Қаланың қала құраушы кәсіпорындары қыста 184 көпқабатты үйді дайындауға көмектесті.
Асайын Байханов қиын кезеңде қол ұшын созып, тұрғындарға көмек көрсеткен барлық кәсіпорынға ризашылығын білдірді.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевАсайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді
Аким Павлодарской области Асаин Байханов проинспектировал ТЭЦ Экибастуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Асайын Байханов Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерді
"Екібастұзда қысқа мерзім ішінде ЖЭО жабдықтарын жөндеу, жылумен жабдықтау желілерін жаңарту бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Алайда біздің барлық күш-жігеріміз үйлер жылуды қабылдауға толық дайын болған жағдайда ғана ақталады. Мұны көптеген екібастұздықтар түсінеді", - деді облыс әкімі.
Ол 131 үйде тұрғындардың өз қаражаты есебінен жылу тораптары жөнделіп, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесінің құбырлары ауыстырылғанын атап өтті.
2022 жылы жылумен қамту нысандарындағы апаттардың салдарынан мыңдаған екібастұздық қыстың аязында жылусыз қалды.
Екібастұз жылу электр орталығында апат 2022 жылдың 27 қарашасына қараған түні болды. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланды. Білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.
Жаңалықтар
0