https://sputnik.kz/20231008/bolgariyanyn-en-kone-qalasynda-qazaqstanga-arnalgan-fotokorme-ashyldy-39155172.html
Болгарияның ең көне қаласында Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды
Болгарияның ең көне қаласында Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды
Sputnik Қазақстан
Фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2023 жылдың29 қазанына дейін ашық болады 08.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-08T18:28+0500
2023-10-08T18:28+0500
2023-10-08T18:28+0500
көрме
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/08/39154146_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_c24f5432ec6c12f464ce961476bbd698.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан астанасының 25 жылдығына орай және Республика күні қарсаңында Пловдивтің Орталық алаңында елімізге арналған тақырыптық фотокөрменің ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Астана Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан және толеранттылыққа, бейбітшілік пен интеграцияға шақыру бойынша Дүниежүзілік диалог алаңына айналған басты символдың бірі екенін атап өтті.Сондай-ақ қазақстандық дипломат еліміздің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін айтып, Қазақстан бүкіл әлемде шынайы қызығушылық тудыратын трансформациялар, инновациялар мен жаһандық бастамалардың орталығы ретінде озық мемлекетті бейнелейтінін жеткізді.Іс-шара қонақтары Қазақстан Астанасы архитектурасының барлық сұлулығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін фотосуреттерді тамашалай алды.Бұл фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2023 жылдың29 қазанына дейін ашық болады.Пловдив – 8 000 жылдық тарихы бар Болгарияның ежелден бүгінгі күнге дейін шежіресі сақталған екінші алып қаласы. Қала Оңтүстік Болгарияның ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы болып есептеледі, оның экономикасы жақсы дамыған көпсалалы өнеркәсіпке, қызмет көрсету саласына, туризмге және ақпараттық технологияларға негізделген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/08/39154146_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_1406dd32c6c29e73bc3ed5d8e0cceb9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме
Болгарияның ең көне қаласында Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды
Фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2023 жылдың29 қазанына дейін ашық болады
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан астанасының 25 жылдығына орай және Республика күні қарсаңында Пловдивтің Орталық алаңында елімізге арналған тақырыптық фотокөрменің ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Астана Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан және толеранттылыққа, бейбітшілік пен интеграцияға шақыру бойынша Дүниежүзілік диалог алаңына айналған басты символдың бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ қазақстандық дипломат еліміздің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін айтып, Қазақстан бүкіл әлемде шынайы қызығушылық тудыратын трансформациялар, инновациялар мен жаһандық бастамалардың орталығы ретінде озық мемлекетті бейнелейтінін жеткізді.
Іс-шара қонақтары Қазақстан Астанасы архитектурасының барлық сұлулығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін фотосуреттерді тамашалай алды.
Бұл фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2023 жылдың
29 қазанына дейін ашық болады.
Пловдив – 8 000 жылдық тарихы бар Болгарияның ежелден бүгінгі күнге дейін шежіресі сақталған екінші алып қаласы. Қала Оңтүстік Болгарияның ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы болып есептеледі, оның экономикасы жақсы дамыған көпсалалы өнеркәсіпке, қызмет көрсету саласына, туризмге және ақпараттық технологияларға негізделген.