https://sputnik.kz/20231008/bloger-air-astana-qazaqstandyqtardy-izrailde-qaldyryp-ketkenin-aytty-39155769.html
Блогер Air Astana қазақстандықтарды Израильде қалдырып кеткенін айтты
Блогер Air Astana қазақстандықтарды Израильде қалдырып кеткенін айтты
Sputnik Қазақстан
Тель-Авивтегі әуежай ашық, бірақ қазақстандықтар Израильден кете алмай отыр 08.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-08T17:18+0500
2023-10-08T17:18+0500
2023-10-08T17:18+0500
блогер
израиль
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:300:2573:1747_1920x0_80_0_0_0b94c575b5b12529f81db90ec040919e.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстандық блогер Air Astana әуе компаниясын республика азаматтарын соғыс болып жатқан Израильде қалдырып кетті деп айыптады."Air Astana Израильдегі қазақстандықтардың барлығын тастап кетті", - деп жазды блогер Людмила Большунова.Оның айтуынша, консулдық қазақстандықтардың мүмкіндігінше елден кетуі немесе Израильде жағдайдың реттелгенін күтуі керектігін хабарлаған.Блогер Air Astana әуе компаниясы жолдаған SMS-хабарламалардың және Air Baltic ескертуінің скриншоттарын қоса жариялады.Бұған дейін Air Astana Израильдегі әскери шиеленіске байланысты 8 қазанда Алматыдан Тель-Авивке бағытталған KC649 рейсін орындау мүмкін емес деп хабарлаған.Израиль сыртқы істер министрлігі Тель-Авив маңындағы Израильдің ең үлкен әуежайы Бен Гурион өз жұмысын штатты режимде жалғастырып жатқанын және рейстерді тоқтату туралы барлық шешімді әуе компаниялары жеке қабылдайтынын айтты.Министрлік Израиль әуе тасымалдаушылары "тұрақты рейстерді жалғастырып жатқанын және әлемнің бірнеше нүктесінен рейстер саны артқанын" хабарлады.7 қазаннан бастап көптеген компания Израильмен байланыстыратын рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл Газа секторынан Израиль аумағына зымыранмен атқылау басталғаннан кейін болды.
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:59:2573:1989_1920x0_80_0_0_f7411c1f8b8abbc4bbe8bb7c051f6934.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер, израиль
Блогер Air Astana қазақстандықтарды Израильде қалдырып кеткенін айтты
Тель-Авивтегі әуежай ашық, бірақ қазақстандықтар Израильден кете алмай отыр
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстандық блогер Air Astana әуе компаниясын республика азаматтарын соғыс болып жатқан Израильде қалдырып кетті деп айыптады.
"Air Astana Израильдегі қазақстандықтардың барлығын тастап кетті", - деп жазды блогер Людмила Большунова.
Оның айтуынша, консулдық қазақстандықтардың мүмкіндігінше елден кетуі немесе Израильде жағдайдың реттелгенін күтуі керектігін хабарлаған.
"Таллиннен Air Baltic әуе компаниясымен ұшып келген таныстарымызды Анталия арқылы балама рейспен шығарды. Біздің авиакомпания мен мемлекет туралы айтарға сөзім жоқ", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Блогер Air Astana әуе компаниясы жолдаған SMS-хабарламалардың және Air Baltic ескертуінің скриншоттарын қоса жариялады.
Бұған дейін Air Astana Израильдегі әскери шиеленіске байланысты 8 қазанда Алматыдан Тель-Авивке бағытталған KC649 рейсін орындау мүмкін емес деп хабарлаған.
Израиль сыртқы істер министрлігі Тель-Авив маңындағы Израильдің ең үлкен әуежайы Бен Гурион өз жұмысын штатты режимде жалғастырып жатқанын және рейстерді тоқтату туралы барлық шешімді әуе компаниялары жеке қабылдайтынын айтты.
Министрлік Израиль әуе тасымалдаушылары "тұрақты рейстерді жалғастырып жатқанын және әлемнің бірнеше нүктесінен рейстер саны артқанын" хабарлады.
7 қазаннан бастап көптеген компания Израильмен байланыстыратын рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл Газа секторынан Израиль аумағына зымыранмен атқылау басталғаннан кейін болды.