https://sputnik.kz/20231007/teniz-ken-ornynda-munay-ondirudi-zhylyna-12-mln-tonnaga-ulgaytady-39133893.html
Теңіз кен орнында мұнай өндіру жылына 12 млн тоннаға ұлғайтылады
Теңіз кен орнында мұнай өндіру жылына 12 млн тоннаға ұлғайтылады
Sputnik Қазақстан
Қашаған мен Қарашығанақта да түрлі жобалар жүзеге асырылады 07.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-07T15:43+0500
2023-10-07T15:43+0500
2023-10-07T15:45+0500
экономика
мұнай
https://sputnik.kz/img/1387/97/13879775_0:166:3051:1882_1920x0_80_0_0_506b1dbc9dbbb5414b3b501952d59ccf.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Атырау облысында негізгі үш кен орнында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, Теңізде болашақта кеңейту жобасы қарастырылған. Ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасы 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.Бұл туралы Атырау облысының тұрғындарымен есептік кездесуде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.Сонымен қатар, Қарашығанақта 4-ші газды қайта айдау компрессоры іске қосылды, құны шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 5-ші компрессорды іске қосу басталды және құны 735 миллион доллар болатын 6-шы компрессордың құрылысы басталды."Бұл жобалар кен орнындағы мұнай өндіруді жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде ұстауға бағытталған", - деп хабарлады ведомстводағылар.Қашағанда қуаттылығы 1 миллиард текше метр ілеспе газды өңдеу жобасы басталды. Қашағанда қуаттылығы 2-ден 6 миллиард текше метрге дейін газ өңдеу зауытының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.Энергетика министрінің айтуынша, қазір үш мұнай өңдеу зауытындағы апат деңгейін төмендету бойынша жоспарлар, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау мұнай өңдеу зауытында "Газтурбиналық станция құрылысы" жобасы жүзеге асырылып жатыр.
https://sputnik.kz/20231004/qazaqstannan-baku--tbilisi--dzheykhan-arqyly-aydalatyn-munay-kolemi-11-mln-tonnaga-zhetedi-39055379.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1387/97/13879775_159:0:2890:2048_1920x0_80_0_0_274af93deec3cf7bf5664cdfdd97f5c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Теңіз кен орнында мұнай өндіру жылына 12 млн тоннаға ұлғайтылады
15:43 07.10.2023 (жаңартылды: 15:45 07.10.2023) Қашаған мен Қарашығанақта да түрлі жобалар жүзеге асырылады
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Атырау облысында негізгі үш кен орнында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Теңізде болашақта кеңейту жобасы қарастырылған. Ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасы 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Атырау облысының тұрғындарымен есептік кездесуде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Сонымен қатар, Қарашығанақта 4-ші газды қайта айдау компрессоры іске қосылды, құны шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 5-ші компрессорды іске қосу басталды және құны 735 миллион доллар болатын 6-шы компрессордың құрылысы басталды.
"Бұл жобалар кен орнындағы мұнай өндіруді жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде ұстауға бағытталған", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Қашағанда қуаттылығы 1 миллиард текше метр ілеспе газды өңдеу жобасы басталды. Қашағанда қуаттылығы 2-ден 6 миллиард текше метрге дейін газ өңдеу зауытының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Энергетика министрінің айтуынша, қазір үш мұнай өңдеу зауытындағы апат деңгейін төмендету бойынша жоспарлар, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау мұнай өңдеу зауытында "Газтурбиналық станция құрылысы" жобасы жүзеге асырылып жатыр.