https://sputnik.kz/20231007/smayylov-elektromobilder-ushin-litiy-ken-oryndaryn-igerudi-tapsyrdy-39129287.html
Смайылов электромобильдер үшін литий кен орындарын игеруді тапсырды
Смайылов электромобильдер үшін литий кен орындарын игеруді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Премьердің айтуынша, литий металының негізгі тұтынушыларының бірі Қытай және басқа да Азия нарықтары өңірге жақын орналасқан 07.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-07T10:15+0500
2023-10-07T10:15+0500
2023-10-07T10:15+0500
өңірлер
әлихан смайылов
шығыс қазақстан
электромобиль
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/07/39129479_0:75:1281:795_1920x0_80_0_0_c2a41cf8894beea50dc50bea5e31581a.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді.Премьер-министр ШҚО экономикасы бірінші кезекте, тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуымен байланысты екенін, сонымен қатар энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларының да даму әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.Мәселен, өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің 70%-ке жуығын тау-кен металлургия саласы құрайды. Президент атап өткендей, тау-кен секторын басқару жүйесін тез арада жаңғырту қажет. Бұл орайда сирек және жерде сирек кездесетін металл кеніштерін игеру басты міндеттердің біріне айналуы тиіс."Электромобиль өндірісінің қарқынды өсуіне байланысты литий металын өндіру – өзекті. Облыстың Ұлан, Шемонаиха аудандарында және Өскемен қаласының шетінде мемлекеттің балансында тұрған литийдің 6 кен орны бар. Барланбаған кен орындары бұдан да көп. Литийдің негізгі тұтынушыларының бірі Қытай және басқа да Азия нарықтары өңірге жақын орналасқан. Әкімдік осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін кен орындарын барлау және өндіру жобаларына инвесторларды тартуы керек", - деді Смайылов.Электр энергиясыОл өңірде жаңартылатын энергия көздерінің бірі гидроэнергетика саласының жақсы дамығанын атап өтті. Осы ретте биыл 1 шілдеден бастап гидроэлектростанциялардан электр энергиясын сатып алу үшін шекті аукциондық бағалар айтарлықтай ұлғайтылды. Премьер энергия жүйесіндегі маневрлік қуатты арттыру үшін әкімдік меншік иелерімен бірлесіп, қолданыстағы гидроэлектростанцияларды жаңғырту, сондай-ақ жаңа нысандар салу бойынша шаралар қабылдау керектігін тапсырды."Жергілікті жерлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету және электр желілеріндегі шығынды азайту үшін Алтай ауданындағы "Тұрғысын-1" сияқты шағын гидроэлектростанцияларды салу жобаларын белсенді іске асыру қажет", — деді ол.Көкөніс қоймаларыСмайылов кәсіпкерлермен бірге Көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті."Қазір бізде осындай қоймаларды салу үшін 50%-ке дейін инвестициялық субсидия беру көзделген. Яғни, бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау шаралары көрсетіледі. Осыған мән беріп, үйлестіру жұмыстарын күшейту керек", — деді премьер-Министр.Сондай-ақ үкімет басшысы өңірдегі гидротехникалық құрылыстар мәселесіне де тоқталды. ШҚО-да республикадағы су қоймаларының 40%-ы орналасқан және 85 мың гектар суармалы жер бар. Алайда ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ететін Өден, Қандысу және Орта-Теректі су қоймаларының техникалық жай-күйі алаңдатады."Осыған байланысты әкімдік жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, аталған су қоймаларын күрделі жөндеу бойынша техникалық құжаттарды әзірлеуді жеделдетуі қажет", — деп тапсырды Смайылов.Көлік-логистикаПремьер-министр облыстың қолайлы географиялық орналасуы көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға ықпал ететінін атап өтті.Мәселен, қазірдің өзінде ұзындығы 768 шақырым "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" және ұзындығы 415 шақырым "Майқапшағай – Қалбатау" автожолдарын қайта жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта ұзындығы 195 шақырым болатын "Өскемен – Семей" және 130 шақырымдық "Өскемен – Ресей Федерациясының шекарасы" бағыттарын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.Туризмді дамытуТуризмді дамыту мәселесіне тоқтала келе, Әлихан Смайылов әлемдік деңгейдегі көрікті жер – Қатон-Қарағай ұлттық табиғи паркі туралы айтты."Нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Сонымен қатар қолданыстағы қонақ үй инфрақұрылымы тиісті деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмай отыр", — деді үкімет басшысы.Оның айтуынша, көлік қатынасын қолжетімді етуде де проблемалар бар. Атап айтқанда, "Өскемен – Рахман қайнары" автожолын жаңғыртуды аяқтау қажет. Сонымен қатар туристер ағынын арттыру үшін ұзындығы 1013 шақырым "Өскемен – Алматы" күре жолын жөндеуді аяқтау керек.Қорытындылай келе, премьер ұзаққа созылған бірқатар жобаны жүзеге асыруды жеделдету қажеттігін атап өтті. Олардың қатарында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосу және Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы да бар.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/07/39129479_60:0:1220:870_1920x0_80_0_0_7471bbd0fdea333fb4374ef41f347299.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, шығыс қазақстан, электромобиль
әлихан смайылов, шығыс қазақстан, электромобиль
Смайылов электромобильдер үшін литий кен орындарын игеруді тапсырды
Премьердің айтуынша, литий металының негізгі тұтынушыларының бірі Қытай және басқа да Азия нарықтары өңірге жақын орналасқан
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Премьер-министр ШҚО экономикасы бірінші кезекте, тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуымен байланысты екенін, сонымен қатар энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларының да даму әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.
Мәселен, өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің 70%-ке жуығын тау-кен металлургия саласы құрайды. Президент атап өткендей, тау-кен секторын басқару жүйесін тез арада жаңғырту қажет. Бұл орайда сирек және жерде сирек кездесетін металл кеніштерін игеру басты міндеттердің біріне айналуы тиіс.
"Электромобиль өндірісінің қарқынды өсуіне байланысты литий металын өндіру – өзекті. Облыстың Ұлан, Шемонаиха аудандарында және Өскемен қаласының шетінде мемлекеттің балансында тұрған литийдің 6 кен орны бар. Барланбаған кен орындары бұдан да көп. Литийдің негізгі тұтынушыларының бірі Қытай және басқа да Азия нарықтары өңірге жақын орналасқан. Әкімдік осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін кен орындарын барлау және өндіру жобаларына инвесторларды тартуы керек", - деді Смайылов.
Ол өңірде жаңартылатын энергия көздерінің бірі гидроэнергетика саласының жақсы дамығанын атап өтті. Осы ретте биыл 1 шілдеден бастап гидроэлектростанциялардан электр энергиясын сатып алу үшін шекті аукциондық бағалар айтарлықтай ұлғайтылды. Премьер энергия жүйесіндегі маневрлік қуатты арттыру үшін әкімдік меншік иелерімен бірлесіп, қолданыстағы гидроэлектростанцияларды жаңғырту, сондай-ақ жаңа нысандар салу бойынша шаралар қабылдау керектігін тапсырды.
"Жергілікті жерлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету және электр желілеріндегі шығынды азайту үшін Алтай ауданындағы "Тұрғысын-1" сияқты шағын гидроэлектростанцияларды салу жобаларын белсенді іске асыру қажет", — деді ол.
Смайылов кәсіпкерлермен бірге Көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті.
"Қазір бізде осындай қоймаларды салу үшін 50%-ке дейін инвестициялық субсидия беру көзделген. Яғни, бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау шаралары көрсетіледі. Осыған мән беріп, үйлестіру жұмыстарын күшейту керек", — деді премьер-Министр.
Сондай-ақ үкімет басшысы өңірдегі гидротехникалық құрылыстар мәселесіне де тоқталды. ШҚО-да республикадағы су қоймаларының 40%-ы орналасқан және 85 мың гектар суармалы жер бар. Алайда ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ететін Өден, Қандысу және Орта-Теректі су қоймаларының техникалық жай-күйі алаңдатады.
"Осыған байланысты әкімдік жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, аталған су қоймаларын күрделі жөндеу бойынша техникалық құжаттарды әзірлеуді жеделдетуі қажет", — деп тапсырды Смайылов.
Премьер-министр облыстың қолайлы географиялық орналасуы көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Мәселен, қазірдің өзінде ұзындығы 768 шақырым "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" және ұзындығы 415 шақырым "Майқапшағай – Қалбатау" автожолдарын қайта жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта ұзындығы 195 шақырым болатын "Өскемен – Семей" және 130 шақырымдық "Өскемен – Ресей Федерациясының шекарасы" бағыттарын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.
Туризмді дамыту мәселесіне тоқтала келе, Әлихан Смайылов әлемдік деңгейдегі көрікті жер – Қатон-Қарағай ұлттық табиғи паркі туралы айтты.
"Нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Сонымен қатар қолданыстағы қонақ үй инфрақұрылымы тиісті деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмай отыр", — деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, көлік қатынасын қолжетімді етуде де проблемалар бар. Атап айтқанда, "Өскемен – Рахман қайнары" автожолын жаңғыртуды аяқтау қажет. Сонымен қатар туристер ағынын арттыру үшін ұзындығы 1013 шақырым "Өскемен – Алматы" күре жолын жөндеуді аяқтау керек.
Қорытындылай келе, премьер ұзаққа созылған бірқатар жобаны жүзеге асыруды жеделдету қажеттігін атап өтті. Олардың қатарында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосу және Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы да бар.