Өңірлер

Павлодарда мас күйінде жол апатын жасаған полицейдің басшылары да жұмыстан босатылды

© Photo : polisia.kzАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Жазылу
Кінәлі тәртіп сақшысы да жұмыстан босатылып, үйқамаққа алынды
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Павлодарда полицей мас күйінде жол апатын жасағаны үшін онымен бірге бірнеше басшысы да қызметінен босатылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін баспасөз қызметі "ВАЗ-21140" автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылар кезде жол бермей, қарсы бағытта келе жатқан скутермен соқтығысқанын хабарлады. Жол апаты салдарынан скутердің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Кейін павлодарлық телеграм арналарының бірі ВАЗ-21140 машинасын патрульдік көліктерден жасырынбақ болған мас полицей басқарғанын хабарлады. Сол үшін тәртіп сақшысының өзі және Павлодар қалалық ІІБ мен Солтүстік ІІБ бірқатар басшысы жұмыстан босатылды.
Осыдан кейін облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растап, осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады.
Қызметтік тексеріс нәтижесінде полиция қызметкері құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықты жасағаны үшін ішкі істер органдарынан босатылған.
"Бірқатар басшылар да қызметінен босатылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген жауапта.
Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік пайдалану ережелерін мас күйде бұзу) 3000 АЕК-ке (10 350 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2023
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: Таразда үш полицей бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
0