Білім

Биыл 165 мектеп пайдалануға беріледі – министрлік

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Жазылу
Осылайша 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Биыл республика бойынша 137 мың орындық 165 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, үш ауысымды мектептер мен оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін соңғы үш жылда ғана 380 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілген.
"Биыл 137 мың орындық 165 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде осы жылы 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы мектеп инфрақұрылымын дамыту мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бекітілді. Жоба аясында 2024–2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда", – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын бақылау жөніндегі парламенттік комиссияның отырысында.
Министрлік биылғы оқу жылында 200-ге жуық мектеп күрделі жөндеуден өткенін еске салды. Президенттің тапсырмасымен жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пән кабинеттерімен жабдықталады, мектеп жиһаздары, кітапханалар, асханалар жаңартылады және балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Қоғам
Мектеп дәретханасында бейнекамера орнатылуы мүмкін бе
Жаңалықтар
0